Германия билігі Берлинде тексеруден соң екі адамды терроризм күдігімен қамауға алды.
Тұтқындалғандардың бірі - 41 жастағы Д.Исмет аталған ер адам "Түркия мен Ресейдің Шешенстан және Дағыстан аймағынан шыққандардан құралған топты басқарған" деген күдікке ілінген. Ұсталған екінші адам - 43 жастағы Ф.Эмин "топтың қаржылық әрекеттерін жүргізген" деп айыпталды.
Полицияның хабарлауынша, топтың Германияда шабуыл жасауды жоспарлағаны жайлы ақпарат жоқ.
"Сирияда зорлық-зомбылық актілерін жоспарлап, қаржы жымқырмақ болды деген күдікті содырлар тобына" қатысты іс аясында жүргізілген тексеруге 250 полицей қатысқан.
Берлиндегі операциядан бірнеше сағат бұрын Бельгия полициясы Вервье қаласында антитеррорлық операция басырында күдікті екі адамның көзін жойған.
Дереккөз: Азаттық радиосы