Атырау, 31 желтоқсан 09:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 502.57
€ 591.68
₽ 6.42

Басшы жалған диплом сатып алған

3 983 рет қаралды

Жылыой аудандық соты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Р.С.-қа қатысты ҚР ҚК 325-бабы 3-тармағы («Көрінеу жалған құжатты пайдалану») бойынша үкім шығарды. 

Р.С. бұл лауазымға 2014жылдың 4 ақпанында тағайындалған кезде Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институтының спорт және дене шынықтыру мамандығы бойынша дипломын жолдаған, алайда, тексеріс кезінде құжаттың жалған екендігі анықталған.

- Ол сот үстінде Арқалықта ешқашан оқымағанын, ал дипломды Құлсары қаласында тұратын танысынан сатып алғанын мойындады, - дейді Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі Атынгул ИСМАГУЛОВА. -Сот оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандығын ескеріп, оған 100 АЕК мөлшерінде 198 мың теңге айыппұл салды. Ол жұмыстан босатылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 қаңтар 2015, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.