Атырау, 18 желтоқсан 20:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«ҚазМұнайГаз» директорлар кеңесіндегі өзгерістер

3 850 просмотра

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» (ҚМГ БӨ) басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, директорлар кеңесі мүшесі – директорлар кеңесінің төрағасы Данияр БЕРЛІБАЕВТІҢ өз өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты ««ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ (ҚМГ ҰК) басқарма төрағасының бірінші орынбасары Кристофер Саймон ХОПКИНСОН директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Баспасөз қызметі түсіндіргендей, Хопкинстің кандидатурасын «ҚМГ ҰК-да ол еншілес, бағынышты, бірлесе бақылау жасайтын мұнай және газ өндіру ұйымдарының дамуы мен қызметтеріне жетекшілік ететін, мұнай өндіру және геологиялық барлау бойынша, Қазақстан мен шетелдегі қолданыстағы және жаңа мұнай және газ жобаларын техникалық бағалау жұмыстарын үйлестіретін» болғандықтанмажориттік акционер (ҚМГ ҰК) ұсынған.

Сонымен қатар, ҚМГ БӨ-де экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары өзгерді және басқарма құрамы кеңейтілді. Директордың орынбасары лауазымына бұрын бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор болып жұмыс жасаған Дастан АБДУЛГАФАРОВ тағайындалды.

Экономика және қаржы жөніндегі директордың орынбасары Жаннета БЕКЕЖАНОВА өз қалауымен жұмыстан кетті.

Жаңа бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Азиза ИЛЕУОВАНЫҢқосылуымен басқарма құрамы жеті адамға дейін кеңейтілді.

Желтоқсан айында компания сайтында 2015 жылға жоспарлап отырған өндіріс көлемі «Өзенмұнайгаз» АҚ-та 5,4 млнтоннаны (тәулігіне 109 мың баррель), ал «Ембімұнайгаз» АҚ-та 2,8 млнтоннаны (тәулігіне 2,8 млн баррель) құрайды. «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» жоспарлап отырған мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ БӨ-нің үлесі 4 миллиондықұрайды. Бұл «ПетроҚазақстан Инк.»-де өндірістің «табиғи төмендеуіне» байланысты 2014 жылғыдан 3% аз. Сондай-ақ, ҚМГ БӨ-нің 2015 жылғы бюджеті Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 70 АҚШ доллары есебімен құрылған. Жағымды болжамдар жасаған, алайда қазіргі жағдайда мұнайшыларға үнемдеуге тура келетіні шындық.

Акционерлер турасына келсек, ҚМГ БӨ акцияларының жалпы саны - 74 357 042, олардың ішінде 70 220 935-ы жай дауыс берушілердікі, 4 136 107-і – артықшылықты акция. Артықшылығы бар акциялардың 57,9%-ы ҚМГ ҰК еншісінде, 8,3%-ы қазыналық акциялар, 12,1%-ы Азия инвесторларына (соның ішінде 11%-ы ҚХР-дың China Investment Corporation мемлекеттік инвестициялық қорына), 3,4%-ы Ұлыбритания инвесторларына, 2,9%-ы Еуропаның құрлықтық инвесторларына, 2,6%-ы қазақстандық инвесторларға тиесілі, 2,8%-ы еркін айналымдағы артықшылықты акциялар, 7,2%-ы тағы басқа түрлері.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

16 қаңтар 2015, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.