Атырау, 25 қараша 09:22
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Арменияда РФ жауынгері армян отбасын атып кетуі себепті болған қақтығыста 12 адам зардап шекті

1 971 просмотра

Алматы. 16 қаңтар. ҚазТАГ – Арменияда РФ жауынгері 6 адамнан тұратын армян отбасын атып кетуі себепті болған қақтығыста 12 адам зардап шекті, деп хабарлады rbc.ru.

«Армяндардың Гюмри қаласындағы наразы топ пен күш құрылымдарының арасында орын алған қақтығыстан адамдар зардап шекті. Кем дегенде 12 адам зардап шегіп, олардың арасында 3 полицей жарақаттанды. Екі полицей басынан жарақаттанса, біреуі - белінен жарақаттанды. Журналистер де жараланды. Олардың біреуі күйді», - делінген хабарда.

Армян отбасын ресейлік жауынгер Валерий Пермяков өлтіріп кетуіне байланысты қақтығыс 15 қаңтарда кешкісін басталды. Наразылық акциясына қатысушылар Ресей бас консулдығының алдындағы полиция кордонына тас лақтыра бастады. Акцияға қатысушыларды тоқтату үшін полицейлер жарық-шу шығаратын гранаталар пайдаланды.

Бас консулдықтың алдын болған қақтығыстан соң наразы топ Ширак облысының прокуратурасына бет алды. Көшелерге бірнеше мың адам шығып В. Пермяковты беруін талап етті. Бұл ретте кешкісін «Гүлденген Армения» партиясының депутаты Мартун Григорян мен шерушілердің біреуі ресейлік әскери базаға барып, Пермяков Армения аумағында екеніне көз жеткізді.

«Бізді камераға дейін апарды да терезені ашып көрсетті, және біз оның осында екенін өзіміз көрдік», - деді депутат.

Ол акцияға қатысушыларды үйлеріне тарауға шақырды. Бірақ шерушілер Армения бас прокуроры Геворк Костанян ресейлік әріптесінен Пермяковты армяндар жағына беруін сұрауды талап етті.

Бұрын БАҚ-тарда хабарланғандай, 13 қаңтарда ресейлік әскери қызметкер Валерий Пермяков армяндардың Гюмри қаласында алты адамнан тұратын отбасын өлтіргенін мойындады. Олар 12 қаңтарға қараған түні атып өлтірілді. Жалғыз тірі қалған алты айлық нәрсете болды, ол ауыр жарақаттанған. В.Пермяков Армениядағы ресейлік 102-ші әскери базасының әскери қызметкері. Онда 5 мыңдай жауынгер әскери борышын атқаруда.

Осы қанды оқиғаны тергеуде Ресей қорғаныс министрлігінің комиссиясы қатысуда.  

Дереккөз: ҚазТАГ

16 қаңтар 2015, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.