Атырау, 16 маусым 17:41
 ашықВ Атырау +20
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44

Өңдеумен қатар жөндеу жүргізіледі

2 978 рет қаралды

«АМӨЗ» ЖШС бас инженерінің міндетін атқарушы Еркін СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ айтуынша, 2014 жылы «ҚазМұнай ГазҚайта өңдеу және маркетинг»АҚ бекіткен мұнай өңдеудің бастапқы жоспары 4,8 млн тонна құраған. Алайда кейін тамыз-қыркүйек айында қалыптасқан елдегі жанар-жағармай тапшылығы ескеріліп, ол 4,92 тоннаға дейін көбейтіліп, табысты орындалды.

2015 жылы бас компания АМӨЗ алдына 5 млн тонна мұнай өңдеу жөнінде жаңа міндет қойды. Бұл зауыттың толық қуат жүктемесін білдіреді. Кестеге сәйкес, 2015 жылы АМӨЗ ЭЛОУ-АВТ-3 мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс. 

- Жөндеу кезеңінде мұнай өңдеу көлемі уақытша азайтылатын болады, бірақ бұл негізгі тұтынушыға әсер етпейді, - деп уәде берді Е.Сүлейменов.– Ішкі нарыққа жанар-жағармай үздіксіз жеткізілетін болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қаңтар 2015, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.