Еркін ШпановАтырау облысы бойынша парламент мәжілісінің депутаты Еркін ШПАНОВ премьер-министр Кәрім МӘСІМОВКЕ депутаттық сауал жолдап, «Құлсары-Ақкиізтоғай» көлік жолының 34 шақырымын жөндеуге және асфальтталған «Ақкиізтоғай-Ақ мешіт» көлік жолының 31 шақырымын салуға қолдау көрсетуді өтінді.
Жөндеу және грейдерлік жолдың орнына жаңа көлік жолын салу қажеттілігін ол 19 ғасырда Бекет ата салған жерасты мешіті жыл сайын тек Қазақстанның ғана емес, РФ-ның шекаралас өңірлері мен басққа да шет елдерден мыңдаған тәу етушілерді тартатындығымен негіздеді.
Жасұлан КӨЖЕКОВ, меншікті тілші, Астана қаласы