Атырау, 25 қараша 09:22
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ислам Кәрімов Өзбекстан президентінің лауазымына қайта ұсынылды

1 614 просмотра

Фото: РИА НовостиФото: РИА НовостиТәшкен. 15 қаңтар. ҚазТАГ – Өзбекстанның іс басындағы президенті Ислам Кәрімов 29 наурызда өтетін ел президентінің кезекті сайлауына кандидат ретінде ұсынылды, делінген Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясының бейсенбі жарияланған хабарында.

76 жасар Кәрімовтың кандидатурасы кеше ғана өткен ӨзЛиДеп съезінде бекітіліп, ұсынылды, деп көрсетілген хабарда.

Қазір Өзбекстанның іс басындағы басшысы бес жылға президент сайлауына ұсынылған бірінші кандидатура болып отыр. Президенттікке кандидаттар ұсыну, мемлекет басшысын сайлау туралы заңға сәйкес, 65 күн қалғанда басталып, 20 күнге созылады.

Заңнама бойынша, дауыс беруге соттың тарапынан қабілетсіз деп танылған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында отырған тұлғалардан өзге 18 жастан бастап Өзбекстан азаматтары қатыса алады.

Осыған дейінгі президент сайлауы Өзбекстанда 2007 жылы өткен, оның қорытындысы бойынша мемлекет басшысы болып жеті жылға республиканы 1989 жылдан бері басқарып келе жатқан Ислам Кәрімов сайланды.

Дереккөз: ҚазТАГ

15 қаңтар 2015, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.