Атырау, 8 мамыр 18:12
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Алтын қайық» Оралға кетті

4 854 просмотра

«Ақ желкен» шығармашылық орталығында еліміздің батыс аймағындағы суретшілер мен қолөнершілердің арасында өткен «Алтын қайық» көрме-байқауының 2014 жылғы қорытындысымен оралдық Төлепберген САРМАНБЕКОВ (суретте сол жақта) ең үздік деп танылды. Оған «Алтын қайық» мүсіншесімен бірге 280 000 теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.
Т.Сарманбеков М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да бейнелеу өнерінен сабақ береді. Қолөнер шебері көрмеге өзінің үш жұмысын әкеліпті: шекменнен жасалған екі картина және әдемі сәнделген сәукеле (суретте).  
Бұл жолы «Алтын қайық» байқауы бір ғана жеңімпазбен шектеліп қалмай, бірнеше номинациялар да тағайындады. Сонымен, «Үздік кескіндеме» номинациясы бойынша жергілікті суретші Әділқайыр ЖАНТАСОВ марапатталса, «Үздік графика» номинациясына оралдық суретші Асхат ӘБДЕШЕВ ие болды. «Үздік зергерлер» номинациясы бойынша Төлепберген Сарманбеков марапатталды. «Үздік қолөнерші» номинациясы жергілікті қолөнерші Нұрсұлтан ҚАЛИЕВҚА табыс етілді. «Үздік мүсін» номинациясы оралдық мүсінші Ерғали БЕКЕШОВҚА  тапсырылды. «Жыл жаңалығы» номинациясына Әділқайыр Жантасов ие болды. Номинация иегерлерінің әрқайсысына 120 000 теңге ақшалай сыйлық ұсынылды.
Айнұр САПАРОВА

15 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.