Атырау, 5 желтоқсан 10:06
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қарақшылар азық-түлік дүкендерін тонауды кәсіп қылған

1 875 рет қаралды

Соңғы кездері Атырауда бір сценарий бойынша жасалған бірнеше қарақшылық шабуыл жасалды. Бетперде киген екеу кешкі уақытта шағын азық-түлік дүкендеріне кіріп, сатушыны шолақ мылтықпен қорқытып, кассадан түскен ақшаны алып кетіп отырған.
Осындай эпизодтардың бірі 12 қаңтарда қала маңындағы Құрсай селосында шағын дүкенге жасалған шабуыл  болды - қылмыскерлер 20 мың теңгені алып кеткен.
ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, тергеуді ІІМ бақылауға алған. Облыстық ІІД бастығының бұйрығы бойынша бастықтың орынбасары Аян Дүйсембаевтың басшылығымен тәжірибелі қызметкерлер қатарынан топ құрылды. 14 қаңтарда полицейлер күдіктілерді - Атырау қаласының 18 және 20 жастағы тұрғындарын ұстады. Шолақ мылтық тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 қаңтар 2015, 22:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.