Атырау, 28 қараша 01:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Балалар автокреслосы және басқалар

2 238 просмотра

Көптеген атыраулық автокөлік қожайындары сәбиді ұстап тұруға мүмкіндік беретін балалар автокреслосы мен басқа да құрылғылар іздеумен сабылуда. Біз нарықтың нені қандай бағамен ұсынып отырғанын қарастырған едік.

 

ЖАСЫНА ЖӘНЕ САЛМАҒЫНА ҚАРАЙ

Сатушылар жақсы дайындық жасапты. Бүгінгі күні ұсынылып отырған ассортимент алуан түрлі талаптарды қанағаттандыруға қабілетті. Соның ішінде баға диапазоны бойынша. Барлық балалар автокреслолары топтарға бөлінеді:

0 тобы.  Баланың жасы - жаңа туған сәби мен 6 айға дейінгі нәрестелер. Салмағы - 10 келіге дейін. Қозғалыс бағытына жанымен орнатылады.

0+ тобы.  Баланың жасы – жаңа туған сәбиден бастап 1 жасқа дейін. Салмағы - 13 келіге дейін. Қозғалыс бағытына қарсы орнатылады.

І топ. Баланың жасы - 9 айлық сәбиден 4 жасқа дейін. Салмағы - 9-дан 18 келіге дейін. Қозғалыс бағытымен орнатылады.

ІІ топ. Баланың жасы - 3 жастағы сәбиден 12 жасқа дейін. Салмағы - 15-тен 25 келіге дейін. Қозғалыс бағытымен орнатылады.

ІІІ топ. Баланың жасы - 6 жастан 12 жасқа дейін. Салмағы 22-ден 36 келіге дейін. Қозғалыс бағытымен орнатылады.

«0» және «0+» топтарының құралдары – автобесіктер немесе автолюлькалар. Шасси бетіне бекіткен кезде тікелей мақсатынан басқа серуен арбасы ретінде  қолдануға мүмкіндік беретін әмбебап автолюлькалар да бар. Ең кішкентайларға арналған автокреслолар орындықтың көлбеу бұрышын ауыстыруға мүмкіндік беретін арнайы платформамен жабдықталған. Бұл өте қолайлы, өйткені, сәби автокөлікте жүрген кезде жиі ұйықтайды.

«1» санатындағы құралдар – балалар автокреслолары мен балалар орындықтары.

0, 0+ және І санатындағы автокреслолар арнайы жасалған бес нүктелі белдіктермен жарақталған. Олар баланы тек иықтан емес, аяқтарының арасынан да бекітеді. 

ІІ және ІІІ санаттағы балалар автокреслолары арқалықтың немесе бас тірегіштің биіктігі бойынша реттеледі. Бұл сәби бойына қарай олардың көлемін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл креслоларда бала штаттық көлік белдіктерімен бекітіледі, ол креслодағы арнайы бағыттағыш тетік арқылы өткізіледі.

Сонымен қатар балаларды ұстап тұратын құрылғылар көлік орындығына бекіту түрлері бойынша бөлінеді. Көбінесе бекіту штаттық қауіпсіздік белдігін қолдану арқылы немесе 0 және І тобының құрылғылары үшін қолданылатын арнайы «Isofix» бекіткішінің көмегімен жүзеге асырылады. «Isofix» бекіткіші ұстап тұратын құрылғының төменгі платформасында арнайы кронштейндердің болуын қарастырады. Соның көмегімен ол екі жерден машина орындығындағы өткізгіш саңылауға (проушина) қатты етіп бекітіледі. Бекіткіштің үшінші нүктесі, өндірушіге байланысты, реттелетін тірек немесе көліктің артқы орындығының арқалығына бекітілетін қосымша арқанмен қамтамасыз етіледі.

Мұндай бекіткіш креслоны төңкеріліп қалудан қорғайды, алайда осындай тетігі бар автомобильдерде ғана мүмкін болады.

 

БАЛАМАЛЫ НҰСҚАЛАР

БАҒА МӘСЕЛЕСІ
Баға диапазоны ауқымды. Мәселен, арнайы балалар дүкенінде автолюлька 18-25 мың теңгеге, автокресло 45-57 мың теңгеге шығады. Реттелетін арқалықтары мен бас тірегіштері бар автокреслолар, сонымен қатар, төсенішін бустер ретінде қолдануға мүмкіндік беретін жиналмалы автокреслолардың бағалары – 65-77 мың теңге және одан жоғары. Қауіпсіздік белдігінің адаптері дүкенде 5 мың теңге тұрады. Көлік базарында бағалар әжептәуір төмен. Люлькалар мен автокреслолар 18-ден 25 мың теңгеге дейін. Жұмсақ тегіс бекіткіш элементтер 6 мың теңгеден, бустерлер 8 мың теңгеден, белдік адаптерлері 2,5 мың теңгеден басталады.

Сонымен қатар нарықта көлік орындығының арқалығына жалғанатын жұмсақ бекіткіш элементтер бар. Оған қоса олардың үнемі алып-салып отыруға тура келетін алып автокреслолардан айырмашылығы – тегіс жұмсақ бекіткіш элементтер көлік отырғышында орнатылған күйі тұра береді және жолаушыларға еш кедергі жасамайды.

Саттықта бустер деген де бар. Бұл - мықты тығыз материалдан жасалған жастық. Баланы бустерге отырғызған кезде оны штаттық қауіпсіздік белдігімен бекітуге болады. Бастысы, белдік тиесілі болғандай мойын арқылы емес, иық буыны арқылы өтуі керек. Бустерлер автокреслоға сыймайтын мектеп жасындағы балалар үшін қолайлы.

Және ең қолжетімді нұсқа – қауіпсіздік белдігінің адаптері. Бұл құрылғы қауіпсіздік белдігін балаға сәйкес реттеуге мүмкіндік береді.

Сатушылар үнемді нұсқа ретінде адаптерді бустермен бірге алуға кеңес береді.

- Бекіткіш құралды таңдаған кезде кішкентай жолаушының қайда орналасатындығын ескерген жөн. Егер алдыңғы орындықта отырса, онда ол міндетті түрде балалар автокреслосына отыруы тиіс. Артқы орындықта кез келген бекіткіш құралды пайдалануға болады, - деп түсіндірді Атырау облыстық ІІД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Досай ЖҰПҚАЛИЕВ.

Тамара СУХОМЛИНОВА

15 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.