Соттар өзгерді
Жылыой аудандық сотының төрағасы болып Асхат САУДАБАЕВ тағайындалды.
Жылыой аудандық ІІБ бастығы лауазымына майор Иса БЕКҚАЛИЕВ тағайындалды.
Индер аудандық сотының төрағалығына Дина ТҰХФАТОВА тағайындалды.
***
Олар соғыстан оралмады
Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл толуы қарсаңында соғыстан оралмаған солдаттардың зиратын іздеу жұмыстарын жүргізген Қызылқоға ауданы әкімдігі шайқас алаңынан оралмаған тағы 300 адамның барын анықтады.
- Бұрын соғыстан 1477 боздағымыз елге оралмады деп келдік, енді оған 300 жауынгер қосылды. Біздің жұмысымыз мұнымен тоқтап қалмайды, біз отандастарымыз жерленген жерлерді іздеуді жалғастырудамыз, -дейді аудан әкімінің орынбасары Бибоз ШАЯХМЕТОВ.
***
Жаңа саябақ
Индербор кентінде 1,4 гектар болатын жаңа саябақ құрылысы жүріп жатыр.
Бұған бюджеттен 65 млн теңге бөлінген. Саябақ құрылысын жүргізуші - «Алау-Жайық» ЖШС. Жұмыс мамырға дейін бітеді деп күтілуде.
***
ТШО балабақшасы
ТШО демеушілік көмегімен Жылыой ауданындағы Тұрғызба және Қосшағыл ауылдарында балабақшалар салынады.
Құрылыс басталды. Екі балабақша да 160 балаға арналған.
***
Әкімнің есеп беру «гастролі»
Индер ауданының әкімі Серік АРЫСТАН Ынтымақ, Аққала, Құрылыс елді мекендерінде өткен жылдың есебін берді.
Ынтымақ, Аққала ауылы тұрғындары тозығы жеткен мектеп пен кірме, көшеішілік жолдардың жөндеусіз қалғанын мәселе қылып көтерді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА