Атырау, 25 қараша 09:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Киевте Порошенконың дүкендеріне қарақшылық шабуыл жасалды

2 400 просмотра

Киевте Украина президентінің меншігіндегі Roshen кондитер фабрикасы дүкендеріне бірнеше қарақшылық шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Компания ел астанасының түрлі аудандарындағы дүкендердің бақылау камераларына түсірілген видеоларды жария етті. 

Әзірше Киевтің төрт ауданында дүкендерге шабуыл жасалғаны белгілі болып отыр: 3 қаңтар күні Теремкидегі, 5 қаңтар күні "Минск" метро станциясының маңындағы, 9 қаңтар күні "Осокорки" метро станциясы маңындағы және 11 қаңтар күні "Житомирская" метро станциясының маңындағы дүкендерге белгісіз біреулер тұтандырғыш қоспалар лақтырып, әйнек витриналарды сындырып, қашып кеткен. 

Бұған дейін Петр Порошенко Roshen корпорациясын сатпақ ойы бар екенін мәлімдеген еді. 26 мамыр күні өзінің сайлауалды штабындағы баспасөз мәслихатында ол "басты активті сатуға жіті даярлайтын инвестбанк пен инвестициялық кеңесшіні таңдауға тапсырыс берілгенін" айтты. 

Ал медиа саласындағы активі - "5 каналды" сатуды Порошенко әсте ойламайды. Оның айтуынша, елдегі төңкерістер кезінде еркін ақпарат құралының маңызы орасан.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 қаңтар 2015, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.