Фото: cubagood.comАлматы. 13 қаңтар. ҚазТАГ – Куба төңкерісі көшбасшыларының бірі және Республиканың бұрынғы президенті Фидель Кастро әлем футболының жұлдызы Диего Марадонаға өзінің өлімі туралы қаңқу әңгімелерді жоққа шығарып хат жолдады, деп хабарлайды РБК.
Құжат фотосы латын америкалық TeleSUR телеарнасының сайтына жарияланған.
Құжат мазмұны ашылмайы, материалдарда сондай-ақ бір жылдай халық көзіне көрінбеген Кастроның өзінің фотосы келтірілмеген. Соңғы рет ол 2014 жылдың қаңтарында көрінген, онда ол Гаванадағы шығармашылық көрмеге бас сұққан еді.
Саясаткер 2006 жылы отставкаға кетті, одан кейін мемлекет басшысының лауазымына оның інісі Рауль келді. Кастро содан бері жұртшылық алдына сирек шығады және анда-санда Escambray газетінің бағанасын жазып отырады.
Дереккөз: ҚазТАГ