Атырау, 25 қараша 07:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Германияда исламофобияға қарсы 100 мыңдай адам қатысқан шеру өтті

2 140 просмотра

Фото: BBCФото: BBCАлматы. 13 қаңтар. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Германияның солтүстігіндегі Ростоктан бастап, оңтүстігіндегі Мюнхен қалаларына дейінгі бірқатар қалаларында дін еркіндігі мен толеранттылықты қорғап, исламофобтыққа және ГФР-да белең алып келе жатқан «Еуропалық-патриоттар ескі әлемнің исламдануына қарсы» (PEGIDA) қозғалысына қарсылық шеруі өтті, деп хабарлады ресейлік ТАСС агенттігі.

Шеруге барлығы 100 мыңдай адам қатысты. Тек жалғыз Лейпцигте, ұйымдастырушылардың мәліметтерінше, манифестацияға шамамен 30 мыңдай адам қатысса, Бавария астанасында – 20 мыңдай адам, Ганноверде – 17 мыңдай адам қатысты.

Мюнхеннің обер-бургомистрі (мэрі) Дитер Райтер шеру барысында олар «нәсілшілдіктің, антисемитизмнің және ультраоңшыл зорлықтың кез келген түріне» қарсылық білдіретінін мәлім етті.

«Біз қоғамымызды бөлшектегісі келетіндерге жол бермеу үшін осында тұрмыз», - деп ол қадап айтты.

Акцияға қатысушылар Париждегі теракті құрбандарын еске алды. Плакаттарда келесідей ұрандар жазулы болды: «Біз – «Шарлиміз», «Біздің мұсылмандарды тыныш қалдырыңыздар!», «Еркіндік пен толеранттылық».

ГФР-дың батысындағы Саарбрюккендегі шеруге Саар жерінің үкіметі толық құрамымен қатысты. Германия астанасында 4 мыңдай адам Федералдық канцлер ведомствосының атынан PEGIDA-ның «Берлин патриоттары Ескі әлемнің исламдануына қарсы» – берлиндік «филиалы» BRGIDA жақтаушыларына қарсылық танытып Бранденбург қақпасына барды.

Бұл ретте Дрезденде PEGIDA ұйымдастырған және есеп бойынша 12-ші болған шеруге 25 мыңдай адам қатысты. Лейпцигтегі шеруге, полиция мәліметтерінше, антиисламшыл қозғалысынан шамамен 4,8 мыңдай адам қатысты. Олар ГФР заңына түзетулер енгізіп, елге босқындардың келуін шектеуді талап етті.

Құқық қорғау органдарында атап кеткендей, акциялардың басым көпшілігі бейбіт өтті. Тек жекелеген оқиғаларда манифестанттардың әр топтарының арасында жұдырықтасу болды.

13 ақпанда ГФР астанасындағы Бранденбург қақпасының алдында толеранттылықты, пікір мен діни еркіндікті қорғаған ауқымды акция өтпекші. Оған президент Йоахим Гаук, канцлер Ангела Меркель және Германия үкімет мүшелері қатысады. 

Дереккөз: ҚазТАГ

13 қаңтар 2015, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.