Атырау, 28 қараша 01:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Теміржолшылар үшін жарық қымбаттады

2 480 просмотра

1 қаңтардан бастап «Теміржолэнерго» ЖШС Атырау облысындағы тұтынушылар тобына электр қуатының тарифін қымбаттатып жіберді.

Бұл монополист 2009 жылдан бері Атырау облысында 7 мыңдай тұтынушыны электр қуатымен қамтамасыз етіп келеді. Мұның бәрі жеке тұлғалар, негізінен теміржол, стансалар, разъездер және т.б. ықшамаудан тұрғындары. Тұтынушыларға – заңды тұлғаларға – ЭЧ-4 Атырау теміржол электрмен жабдықтау дистанциясы қызмет көрсетеді.

Тұрғындарға таратылған хабарландыруларда тарифтердің қымбаттағаны көрсетілген: жан басына шаққанда айына 90 кВт/сағатқа дейін тұтынатындар үшін -  бір кВт/сағатқа (ҚҚС-мен бірге) 5,91-ден 9,92 теңгеге дейін, яғни68%-ға; жан басына шаққанда айына 90-нан 170 кВт/сағатқа дейін тұтынатындар үшін – бір кВ/сағатқа 7,13-тен 13,78 теңгеге дейін, яғни, 93%-ға;жан басына шаққанда айына 170 кВт/сағаттан жоғары тұтынатындар үшін – бір кВт/сағатқа 8,43-тен 17,23 теңгеге дейін, яғни, 104%-ға қымбаттаған.

Хабарландыруда бұған өңірлік электр желілік компанияларының электр энергиясын беру және тарату қызметтері тарифінің өзгерістері себеп болды деп көрсетілген.

Ал 2014 жылдың қарашасында ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті салыстырмалы талдау (бенчмаркинг) әдісін қолдана отырып, өңірлік электр желісі компаниясы – «Атырау Жарық» АҚ үшін электр энергиясын тасымалдау тарифін бұрынғыша қалдырды. Осыған байланысты Атырау облыстық Комитет департаменті «Атырау Энергосату» ЖШС-не 1 қаңтардан бастап тек заңды тұлғалар үшін ғана тарифті болмашы ғана көтеруге рұқсат берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 қаңтар 2015, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.