Атырау, 28 қараша 01:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Асықсаң - үнемдейсің

3 301 просмотра

1 қаңтардан бастап күшіне енген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі өзгерістер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзғаны үшін айыппұлдар төлеуде үнемдеуге мүмкіндік береді.

- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 811-бабына сәйкес, ЖҚЕ бұзушылар егер 7 күнтізбелік күн ішінде төлейтін болса, айыппұл сомасы 50 пайыз жеңілдікпен төленеді, - дейді ІІД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Досай ЖҰПҚАЛИЕВ. – Мұнда тек автоинспекторлардан түбіртек алған ереже бұзушылар ғана жеңілдіктерге ие бола алады. Фото және бейнетіркегіш камераларына түскен ереже бұзушылықтар үшін салынатын айыппұлдарға жеңілдіктер қолданылмайды. 

Айыппұлдар бойынша жеңілдіктер кәмелетке толмаған тұлғалар жасаған заң бұзушылықтарға, сонымен қатар, арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және автоматты режимде жұмыс істейтін аспаптармен тіркелген ереже бұзушылықтар үшін қолданылмайды.

Автоинспектор ереже бұзған жүргізушіге хаттама көшірмесі мен реквизиттер жазылған түбіртектер беруі тиіс. Жүргізуші айыппұл төлеуге келген күн хаттама толтырған күннен бастап жеті күндік мерзімге ілінетін болса, банк кассасындағылар айыппұл сомасының тек жартысын ғана алуға тиіс.

Тамара СУХОМЛИНОВА

13 қаңтар 2015, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.