Атырау, 25 қараша 07:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тергеуге кедергі келтірді деп айыпталып отырған Царнаевтың досы кінәсін мойндамақ - ТВ

1 343 просмотра

РИА Новостидің NBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша,  дүйсенбі күні Матоновтың адвокаты федералдық прокурорлармен тыңдау күнін белгілеу туралы бірлескен өтініш берген. 

Прокуратураның ақпаратына қарағанда, Куинси қаласында (Массачусетс штаты) қаласында тұратын және такси жүргізушісі болып жұмыс жасайтын Матанов лаңкестікк басты күдіктілер ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтың досы болған.

Тергеушілерге берген жауабында ол онымен өзінің жақын таныс екенін білдірмеген. Атап айтқанда, Бостондағы жарылыстан бірнеше сағат бұрын Царнаевпен бірге түстенгенін айтпаған.

Бұдан бұрын Матанов өзінің жалған куәлік беріп, лаңкестік актіні тергеуге кедергі келтіргені үшін өзінің айыпты екенін мойындаудан бас тартқан. Оның адвокаттары әзірге дүйсенбіде түскен ақпаратқа түсінік берген жоқ. Өзінің айыбын мойындамақ болған жас жігітті сотта тыңдау күні әзірге белгіленген жоқ.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
13 қаңтар 2015, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.