Атырау, 2 мамыр 18:30
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Спортшыларға - ақша, жаттықтырушыларға - теледидар

5 008 просмотра

Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ақмарал Шәмшиденова.Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ақмарал Шәмшиденова.Қаладағы мейрамханалардың бірінде 2014 жылы жетістікке жеткен спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау рәсімі өтті.

Қысқаша кіріспе сөз сөйлегеннен кейін облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Нұржан ЕРМҰХАНОВ спортшыларға 150-ден 250 мың теңгеге дейін (ұтқан жарыстарының деңгейіне қарай) сыйақы, ал, жаттықтырушыларға теледидарлар тарту етті. Марапатталғандар мыналар:

Самбо – Азия Жағажай ойындарының күміс жүлдегері Ержан Қабделов, шеберлер арасында әлем чемпионы Марал Көшенов, сонымен қатар, осы чемпионаттың қола жүлдегері Жандос Тілекбаев, Азия чемпионы Әсет Әлдешев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәурен Болатбекұлы, жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Асқар Есбосынов, Азия чемпионы Қалжан Тайжанова, жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Қайырберді Айдынбай.

Еркін күрес – ҚР чемпионы Азамат Өміржанов және күміс жүлдегерлер Айдарбек Баймұратов пен Дамир Айсекенов.

Дзюдо – ҚР чемпионы Назгүл Құбашева, ҚР чемпионы және қазақ күресінен Ауыл ойындарының жеңімпазы Сұңғат Закарияев, Астанада өткен Гран-Придің қола жүлдегері Асхат Тельманов, Азия чемпионатының қола жүлдегері Әнел Сүлейменова, жастар арасында ҚР чемпионы Табиғат Мағауияұлы.

Грек-рим күресі – жасөспірімдер арасындағы І Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Евгений Поливадов.

Көркем гимнастика – ҚР бірнеше дүркін чемпионы Айдана Шәкенова.

Белдік күрес – ҚР чемпионы Асылбек Қалиев, жастар арасында әлем чемпионы Эльмира Самиғоллаева.

Қазақ күресі – Әлем чемпионаттарының 5 дүркін жүлдегері Нұрболат Ыстыбаев, ҚР чемпиондары Наурызбек Өтеуов және Арман Қошқаров.

Тоғызқұмалақ – ҚР чемпионы Құрманбай Ашетов.

Карате-до кекушинкайдан Еуропа чемпионы Андрей Котов.Карате-до кекушинкайдан Еуропа чемпионы Андрей Котов.Карате-до кекушинкай – жастар арасында әлем чемпионы Евгений Цой, Әлем кубогының жеңімпазы Бауыржан Күмісқалиев, Еуропа чемпионы Андрей Котов.

Таеквондо – ҚР чемпиондары Данияр Базарбаев пен Сағадат Жолдасбаев.

Панкратион – бірнеше дүркін әлем чемпионы Жұмагелді Жалғасұлы.

ММА – жастар арасында Азия және әлем чемпионы Самат Жағыпаров.

Бокс – әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ақмарал Шәмшиденова.

Кикбоксинг – жастар арасында әлем чемпионатының жүлдегерлері Жанәлі Сәлімгереев, Эльдар Мұхитов, Азамат Өтемісов, Әлем кубогының жеңімпазы Мейірлан Әсет.

Муай-тай – әлем және Еуропа чемпиондары Еламан Саясатов, Әбіл Галиев пен Әлішер Мұхтаров.

Жаттықтырушылар мен спорт ардагерлері – Сейітжан Бегейсінов, Бимырза Тайжанов, Сүндеткерей Қасанғалиев, Әдиет Үсенов, Болат Мұхамбетқалиев, Бауыржан Тахауов, Өнербек Жанбала, Мәлік Сүлейменов, Мейіржан Есмағамбетов, Айбек Серғазиев, Асылан Дүйсенбай, Данияр Юсупов, Марат Жанғалиев, Асылан Жаманбаев, Талап Мұқанов, Аманбай Кыздарбаев, Асан Сапаров, Өтеген Олжабаев, Анатолий Хан, Ертілеу Жұбанәлиев, Алексей Юн.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

8 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.