Атырау, 28 қараша 01:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Туған жері туралы көп білсін деп...

1 555 просмотра

№1 авторлық балалар гимназиясында туған өлкеге арналған арнайы семинар өтті.

Гимназия шәкірттері туған жерлері туралы еркін әңгімелеп берді. Олар «Туған өлкенің байлығы» тақырыбында өз жобаларын қорғады. Балабақшаның музыкалық жетекшісі Елена КЕНЖЕҒАЛИЕВА бұл іс-шараға сазгер Қосай МҰҚАШЕВТЫ шақырды. Балалар оған сұрақ қойды, ол жазған әндерді бірге шырқады. Бұған дейін балалар белгілі мұнайшылар әулетінің өкілі Тілекқос СҮЙСІНОВПЕН, композиторлар Болат ҚОХАМАНОВ және Махамбет ДАУЫЛБАЕВПЕН кездескен еді.

- Бүгінде педагогтар балаларды ең алдымен оқуға, есеп шығаруға үйретіп, тестіге дайындауға басымдық береді. Ал, туған өлкеге, оның халқына деген сүйіспеншілік, сыйластыққа тәрбиелеу кенже қалып жатады. Сондықтан да біздің мектепке дейінгі гимназияда соңғы екі жылда тәжірибелік жұмыстар жүріп жатыр: біз балаларды өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу үшін, еліміздің шын патриоттары болып өсуі үшін өз туған өлкелерімен таныстырдық, - дейді №1 АМГ директоры Алтынгүл ӨТЕБАЛИЕВА. Педагогтардың шығармашылық тобы жасаған авторлық «Шаңырақ» бағдарламасы бұл жұмыстың қорытындысындай болды. Енді АМГ тәжірибесі Атыраудың басқа балабақшаларында пайдаланылмақ.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.