Атырау, 5 мамыр 12:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Аудан жаңалықтары

3 319 просмотра

Ардагерге үй салып берді

Зинеден ауылында тұратын, 90 жастағы ҰОС ардагері Ережеп ҒҰБАШЕВ барлық жағдайы жасалған жаңа үйге қол жеткізді.

Өмір бойы малшы болған қарт бұған дейін ескі үйде тұрып келген болатын. Баспана құрылысына бюджеттен 13 млн теңге бөлінді.

***

 

Жетімдерді жарылқады

Каспий құбыр консорциумы Исатай ауданындағы жетім, жартылай жетім, жағдайы төмен отбасындағы 100 балаға 3 млн теңгенің қыстық киімін алып берді.

***

 

Үздіктер ел назарында

Индер, Махамбет, Исатай аудандарында өткен жылы еңбектегі жетістіктерімен ерекшеленген жыл үздіктері марапатталды.

Сегіз номинация ішінде шаруалар, кәсіпкерлер, дәрігер, мұғалім, халыққа қызмет ету мамандары бар.

***

 

Жаңа мешіт

 Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты болып өтті.

Мешіт құрылысы демеушілікпен салынды, бұрын-соңды бұл ауылда мешіт болмаған еді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.