Атырау, 18 желтоқсан 20:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Банктер тізімін жариялаңыз

2 152 просмотра

ҚР Ұлттық банкі «екінші деңгейлі жекелеген банктермен» ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу шараларын алу туралы Меморандумға қол қойды.

Құжатқа «Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығымен», Алматы қаласының әкімдігімен, «Нұр Отан» партиясымен және қарыз алушылардың мүдделерін қорғайтын қоғамдық бірлестіктермен бірлесе қол қойылды.

Ұлттық банктің сайтында жарияланған хабарламада «меморандумға қол қойған тараптар қазіргі уақытта банк-кредитор алдындағы қарызын біржолғы өтеуге қабілетсіздігін құжат түрінде растаған ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу жолдарын іздестіру бойынша қажетті және ықтимал шараларды қабылдау туралы келісімге келді» делінген.

Меморандумның мақсаты – банктерден ипотекалық несие алушыларға көмек көрсету және мерзімі өткен берешегі бар әрі халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың жылу маусымы кезінде баспаналарынан шығарылуына жол бермеу (шығару кезінде тұрғын үйдің меншік иесі банк болып табылған жағдайда) мәселелерін реттеу болып табылады.

Ұлттық банктің облыстық филиалы Меморандумға қол қойған банктерді атай алмады, өйткені, ресми хабарламада олар нақтыланбаған.

ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының бас маман-экономисі Ақтоты ТӘЖЕНОВАНЫҢ айтуынша, 2014 жылдың 1 желтоқсанында облыстағы банк филиалдарының қарыздары бойынша бережағы 312,1 млрд теңгені құраған. Бұл 2013 жылдың деңгейінен 22 пайызға жоғары. Соның ішінде, облыстағы жеке тұлғалардың бережағы 12 пайызға көбейіп, 169,5 млрд теңгені, заңды тұлғалардың бережағы 37 пайызға көбейіп, 142,6 млрд теңгені құрады. Жан басына шаққанда екінші деңгейлі банктер алдындағы бережақ 292,5 мың теңгені құрады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

8 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.