2015 жылы Нұрсая ықшамауданындағы жаңадан салынған үйлер ЖЭО-ның жылу жүйесіне қосылады.
Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Серік ЖҰМАШБАЕВТЫҢ айтуынша, әзірге әңгіме тек 2015 жылы пайдалануға берілетін үйлерді қосу жөнінде болып отыр. Мердігер «Эра» ЖШС (директоры Сәбит Құспанов) болып табылады. Жоба құны 460 млн теңгені құрайды. Бұл сомаға Фин қазандығынан Нұрсаяға дейін ұзындығы 3,2 шақырым магистраль желісін жүргізу және жылу қосынын салу кіреді. Қазіргі кезде ол жер шағын қазандықтармен жылытылуда.
- Болашақта жергілікті бюджеттен қаржының бөлінуіне қарай Нұрсая, Болашақ және Тұлпар ықшамаудандарында қоныстанған үйлер де ЖЭО-на қосылады, - деп хабарлады С.Жұмашбаев.
Жерұйық пен Нұрсая ықшамаудандары арасындағы жылу жүйесі оқшауланған тұрбалар (пластикпен жабылған болат тұрбалар) арқылы жер астымен жүргізілген. Ал Фин қазандығы маңындағы коттедждердің қожайындары жобаны жүзеге асыруға қарсы, өйткені, тұрбалар олардың үйлеріне жақын маңнан жүргізіледі.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ