Атырау, 5 мамыр 03:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 646 просмотра

Полицияға «Лада» ВАЗ-2115 көлігімен жеке тасымалдаумен айналысатын қаланың 29 жастағы тұрғыны шағымданды. Жаңа жыл түнінде жолаушылардың бірі оның ұялы телефонын ұрлап алған. Зардап шегушінің суреттеуі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды.

***

 

№2 полиция бөлімшесіне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласты. Еркінов көшесінің бойындағы мейрамханада оны 22 жастағы ер адам соққыға жыққан. Бұзақы ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Жас әйел полицияға 31 желтоқсанда шамамен сағат 16-да «Дина» базарында белгісіз біреудің оның сөмкесінен құжаттарын, «Нокиа» ұялы телефонын және 9 мың теңгесін ұрлап кеткендігіне шағымданды. Ұрыға іздеу жарияланды.

***

 

Өткен жылдың соңғы күнінде супермаркеттердің бірінде күзет бір-бірден «Джек Дэниэлс» вискиін қойындарына тығып алып кетпек болған 21 және 24 жастағы ер адамдарды ұстады. Екеуі де басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Қаңтардың 2-іне қараған түні Құрманғазы көшесінің бойындағы мейрамханалардың бірінде 41 жастағы ер адам 26 жастағы қызды ұрған. Бұзақы медициналық айықтыру орнына жеткізілді.

***

 

Полицияға 35 жастағы әйел адам шағымданды: 2 қаңтарда жарты сағатқа үйінен шығып кеткен кезде үйінен құны 60 мың тұратын ұялы телефоны ұрланып кеткен. Полиция ұрлық болған кезде үйде болған зардап шегушінің 24 жастағы туысының ұрлыққа қатысы бар деген байламға келді. Ол ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Қаңтардың 1-де «Мұрагер» базарындағы бутиктердің бірінен құны 1,8 мың теңге тұратын ұзартатын электр сымы ұрланған. Ұрлық жасады деген күдікпен Махамбет ауданының Береке селосының тұрғыны ұсталды. Ол мойындау жауабын берді.

***

 

Қаңтардың 1-де кешкісін Геолог-2 поселкесінде белгісіз біреулер үйлердің бірінің жанында тұрған «Хундай-Акцент» көлігінің әйнегін сындырып, әйелдер сөмкесі мен тері бөрікті ұрлап кетті. Зиян 80 мың теңгені құрады. Тергеу жүргізілуде.

 

Құрманғазы АІІБ қызметкерлері екі ұрлықты жасады деп күдіктелген Ақкөл селосының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Оған 30 желтоқсанда ауылдасының дәнекерлеу аппараты мен 1 қаңтарда Нұржау селосынан ет тартқыш пен екі бала сыйлығын ұрлады деген айыптар тағылып отыр.

 

Бірлік поселкесінің тұрғыны 3 қаңтарға қараған түні Контейнерный көшесінің бойында тұрған КрАЗ көлігінен жалпы сомасы 500 мың теңге болатын ыдыс-аяқ, аккумуляторлар, май радиаторы ұрланып кеткенін хабарлаған. Ұрлық жасады деген күдікпен қаланың 28 және 32 жастағы тұрғындары ұсталды. Заттай айғақтар алынды.

8 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.