Атырау, 25 қараша 07:53
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жанкешті Ыстамбұлдың орталығында өзін жарып жіберді

2 630 просмотра

Ыстамбұлдың қақ ортасындағы полиция бөлімшесінде жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Бұл туралы қала губернаторына сілтемемен 24.kz хабарлады.

Оқиға болған жер шаһардың тарихи орталығы саналатын - Сұлтанахмет алаңы. Бұл лаңкестік әрекетті жасаған әйел адам болып шықты.

Жанкешті беліне орап алған жарылғышты ғимараттың ішіне кіріп жарып жіберген. Жарылыстан екі полиция қызметкері жараланды. Оның бірі кейін жан тапсырған. Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, полиция бөлімшесіне әйел «әмиянымды жоғалтып алдым» деп арызданып келгенге ұқсайды. Әрі ағылшын тілінде сөйлеген.

Қазір жарылыс жасап, о дүниелік болған жанкештінің жеке тұлғасы мен ұлты анықталып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

7 қаңтар 2015, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.