Жапониядағы IKEA жиһаз дүкенінің филиалын сынған орындық үшін сотқа берді, - деп хабарлайды Lenta.ru жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Осака тұрғыны сынған жиһаздың кесірінен саусағын жаралады, енді ол шығынның орнын толтыру үшін 42 миллион иена (350 мың доллар) талап етіп отыр, деп жазады Mainichi Daily News басылымы.
Кейін анықталғандай, 43 жастағы мейрамхана иесі 24 бар орындығын сатып алған, биік тұруы үшін оларға бұрандалы қоспалар жалғанады. Бірнеше күн өткенде сол орындықтардың біріне ол өзі отырды, орындық бірден төмен сырғып, биіктігі 10 сантиметрге дейін аласарды. Ер адам тепе-теңдікті сақтай алмай, еденге құлады. Сөйтіп ол оң қолының бас бармағын қайырып алды. Жәбірленуші қолына пышақ та ұстай алмайды, деп жазды басылым.
2013 жылы маусымда осыған ұқсас оқиға болды, бірақ ол кезде ер адам мойнын ауыртып алған болатын. 2014 жылдың желтоқсан айында болған сотта IKEA өзіне тағылған айыпты мойындамады. Корпорацияның мәлімдеуінше, олар мұндай орындықтың 300 мыңға жуығын 40-тан астам елге сатқан, бірақ қазір ол орындықтардың өндірісі тоқтаған. Бірақ Жапония азаматы соттасуды тоқтатпайтынын айтты, ол өзгелердің өзі сияқты жапа шеккенін қаламайды.
Дереккөз: tengrinews.kz