Балалар біздің басты байлығымыз. Өткен жыл өте жағымды жыл болды: облыстық перзентханада 6 үшем мен 122 егіз сәби дүниеге келді.
Перзентхананың бас дәрігері Ұлжан ХАСАНОВАНЫҢ айтуынша, жыл сайын бала туу саны өсуде. 2013 жылы дәрігерлер дүние есігін ашқан 7 800 сәбиді қабылдаған болса, өткен жылы 8 300-ден астам сәби болған. Облыстық перзентхана – өңірдегі 3-ші деңгейлі мамандандырылған бірден бір медициналық мекеме. Қиын жағдайдарда бұл жерге аудандардан босанатын әйелдерді жібереді. Мамандар бірден бірнеше баланы күтіп жүрген немесе түрлі сырқаттармен – жүрек, буын, қалқанша безі және т.б. ауыратын әйелдерді дайындайды. Жаңа жыл түнінде, гинекологтарға беймәлім себептер бойынша, босанатын әйелдер аз болады. 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында 19 сәби – 9 қыз бала мен 10 ер бала дүниеге келген. Олардың бірі – кішкентай Абылайхан. Индербор поселкесінің тұрғындары Айгүл БИСЕМБАЕВА мен Жасұлан ҚАРАЖАНОВ ата-әжелерінің көмегімен үш баланы тәрбиелеп өсіруде. Олардың тұңғышының жасы алтыда, ортаншысы төртте, кіші баласы екі жаста. Абылайхан төртінші балалары. 29 жастағы Айгүл әзіл-шыны аралас сұраққа жауап бере отырып, келешекте «Алтын алқа» алуға қарсы еместігін айтты.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ