Атырау, 28 қараша 01:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Оның жұмыс қабілеті ескеріліп...»

2 052 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет.Кейбір мәліметтер бойынша, өткен жыл аяғында Атыраудағы білім беру мекемелерінің басшылары қалалық білім беру бөлімінен зейнеткерлік жастағы қызметкерлермен еңбек келісімшартын бұзу керектігі туралы хабарлама алды.

«Зейнеткерлер жастарға орын босатсын», - бұл хабарламаның жариясыз сарыны осындай. Алайда, жас мамандар мектептер мен балабақшалардағы бос орындарға жұмысқа орналасуға аса талпыныс білдірмейді.

«Көп жылдардан бері білім беру мекемелері кадрлар тапшылығын бастан өткеруде, бұл ешкімге құпия емес, - дейді қаладағы мектептердің бірінің директоры. – Бүгінде мектептің немесе балабақшаның азғана жалақысы үшін жұмысқа тұрғысы келетіндер аз. Әңгіме тек педагогтар туралы ғана емес, есепшілер, шаруашылық бөлімінің меңгерушілері де солай. Мен бүгін зейнеткерлерді жұмыстан босатар болсам, ертеңгі күні олардың міндеттерін кім орындайды?».

Біз қалалық білім беру бөлімінің басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВАДАН ахуалға түсінік беруді өтіндік. Ол былай деді:

- ҚР Еңбек кодексінің 240-бабына сәйкес, қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшін азаматтық қызметшілердің зейнеткерлік жасқа жетуі олармен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі болып табылады. Мемлекеттік мекеменің басшысы зейнеткерлік жасқа жеткен, кәсіптік және біліктілік деңгейі жоғары қызметкермен оның еңбекке қабілеттілігін ескере отырып, еңбек шартын жыл сайын ұзартуы мүмкін. Осылайша, еңбек шартын ұзарту мемлекеттік мекеме басшысының құзырына кіреді, ал оны тоқтату заң нормаларына қарама-қайшы келмейді.

Қазіргі уақытта қалалық білім беру бөліміне қарасты мекемелерде зейнеткерлік жастағы 86 қызметкер бар. Олардың барлығымен оқу жылының аяғына дейін келісімшарттар жасалды. Мекеме басшылары өздеріне керекті мамандар туралы сәуірге дейін өтінім береді. Қалалық білім беру бөлімінің кадрлар жөніндегі бас маманы «Жас мамандар жәрмеңкесінде» мамандарды мамыр айында іріктейді.

Анастасия ПАСТУХОВА

6 қаңтар 2015, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.