Алматы. 5 қаңтар. ҚазТАГ – НАТО әскерін шығару мерзімін қайта қарауға болады, деп есептейді Ауғанстан президенті Ашраф Ғани.
«Ақырғы мерзім ол – бастағы идеялар. Бірақ ақырғы мерзім догма болуы тиіс емес. Егер қос тарап, немесе аталған жағдайда бірнеше серіктестер, мақсаттарға жету үшін барлық күш-жігерін салып, прогресс өте шынайы болса, онда ақырғы мерзімді қайта қарау ықыласы болуы тиіс», - деп мәлімдеді А. Ғани CBS телеарнасына берген сұхбатында.
Өз кезегінде АҚШ генералы Джон Кэмпбелл барлық қауіптерге қарамастан, ауған қарулы күштері НАТО әскері шығарылғаннан кейін Ауғанстанға Ислам мемлекетінің (ИМ) келуіне жол бермейтінін баса айтты.
«Ол (қарулы күштер – ҚазТАГ) – Ауғанстандағы ең сыйлы институт. Бірнеше жыл бұрын мен бұлай деп айтпас едім, бірақ бүгін бұл осылай. Қазір осында бар мұндай қарулы күштермен... Бұл Ирак емес. Иракта болғандағыдай, ИМ (содырлары – ҚазТАГ) Ауғанстанға келуге тырысып отырғанын мен көріп тұрған жоқпын. Ауған қауіпсіздік күштері бұған жол бермейді», - деді Д. Кэмпбелл.
Хабарланғандай, 2015 жылы Ауғанстанда 12 мың шақты НАТО әскери қызметкері болады, олардың 10,8 мыңы – америкалықтар. Олардың міндетіне жергілікті күштік құрылым қызметшілерін қамтамасыз ету мен даярлау, сондай-ақ терроризммен күреске көмектесу кіреді.
Ауғанстанның АҚШ-пен осыған дейін жасаған қауіпсіздік мәселелері жөніндегі және НАТО күштерінің мәртебесі туралы келісімдері шетелдік әскерилерге іс жүзінде шексіз құқық береді, соның ішінде оларды қылмыстық және басқа да заңнамалық жауапкершіліктен босатады. 2016 жылға қарай Солтүстік Атлант альянсының қарулы күштерін Ислам Республикасының аумағынан толықтай шығару жоспарлануда.
Дереккөз: ҚазТАГ