Атырау, 25 қараша 07:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Футбол матчы кезінде лаңкестер стадионды жарып жіберді

1 762 просмотра

Жексенбі күні Пәкістанда футбол матчы кезінде жарылыс болып, 5 адам мерт болды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Билік өкідерінің хабарлауынша, жарылыс Калая қаласындағы Оракзай округінде футбол және волейболдан жарыс өтіп жатқан уақытта болған. Қаза болғандар арасында 3 футболшы бар, бомба жарықшақтары ойынды көруге келгендерге де тиіп, 11 адам зардап шеккен. Әзірге оқиғаны ешбір лаңкестік ұйым өз мойнына алмай отыр.

Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф бұл оқиға 2015 жылдағы алғашқы ең үлкен лаңкестік акт екенін айтып, үкімет терроризм мен экстремизмге қарсы күресу үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтынын жеткізді.

2014 жылдың желтоқсан айында елде болған ірі лаңкестік акт пәкістандықтардың зәре-құтын қашырған болатын. 16 желтоқсан күні бақайшағына дейін қаруланған «Талибан» қозғалысының содырлары Пешавардағы әскери училищенің ғимаратына басып кіріп, 500-ге тарта адамды тұтқынға алған еді. Оқиға кезінде кем дегенде 149 адам лаңкестер қолынан қаза тапты.

Осы оқиғадан кейін премьер-министр Наваз Шариф өлім жазасына салынған тыйымды алып тастады. Пәкістан үкіметі жақын арада 500 лаңкесті өлім жазасына кесуді ұйғарып отыр.

Дереккөз: bnews.kz

5 қаңтар 2015, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.