Атырау, 5 желтоқсан 10:06
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Гастрольдің" ақыры

2 601 рет қаралды

31 желтоқсанда қалалық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері Атырауда пәтер ұрлығымен айналысты деп күдіктелген Қызылорда облысы Арал қаласының 24 жастағы тұрғынын ұстады.

Қазіргі кезде "гастролерге" жеті криминалдық эпизод бойынша айып тағылып отыр. Оның сыбайластарының бар-жоғы анықталуда. ҚР ҚК-нің 175-бабы ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.   

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, күдікті тұрған жалдамалы пәтерден ұрланған заттар - зергерлік бұйымдар, ішіктер табылған. Зардап шегушілер заттай айғақтарды танып алуға шақырылды.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 қаңтар 2015, 23:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.