Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Атырау қаласының әкімдігі ұйымдастырған «Жыл адамы-2014» рәсімі өтті.
Номинанттар арасында «Ақ жайық» газетінің тілшісі Зульфия ИСКАЛИЕВА да болды. Редакция ұжымы мұнымен бірауыздан келіседі: біздің әріптесіміз тек жақсы журналист қана емес, ол тамаша ана, сүйікті жар, ақылды да әдемі жан.
«Жыл адамы» атағына тағы 12 адам номинант болды. Олар Құрманғазы атындағы МС көркемдік жетекшісі Алуа ЕСМАҒАМБЕТОВА, дзюдодан ҚР чемпионы Назгүл ҚҰБАШЕВА, «Атаба» компаниясының жетекшісі Асқар ТАУБАЕВ, «Алматыинжстрой» құрылыс компаниясының директоры Серік ОРАЗБАЕВ, полиция майорыАсхат НҰРМАНОВ,ауыл кәсіпкері Өтеміс ЖҰМАҒАЛИЕВ, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының директоры Гүлнәр ҚҰСПАНОВА, мұғалім Күләш МҰҢАЙТБАСОВА, Жұмыскер селолық округінің әкімі Қайрат ХАБИЕВ, балабақша тәрбиешісі Ләззат ЖАҒЫПАРОВА, №2 емхананың дәрігер-эндокринологы Татьяна ЮГАЙ (суретте), «Атырау Жарық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасыОразғали ҚАРШЕГЕНОВ. Олардың әрбіреуі туралы экранда шағын жағымды сюжет көрсетілді. Әрқайсысын сахнаға шақырып, кубок пен мақтау қағаз табыс етілді. Ал Оразғали Қаршегенов Атыраудың «Жыл адамы-2014» болып танылды.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ