«Атырау» ДСК-нде Қазақ ССР халыққа білім беру саласының үздігі Ғарифолла Харесұлын еске алуға арналған мини-футболдан турнир өтті.
Жарысқа Атырау және Маңғыстау облыстарынан 8 команда қатысты. Тартысты өткен турнирде 1-орынды «Болат» (Атырау), 2-орынды «Санжар» (Атырау), 3-орынды «Ақтау» командалары иеленді. Үздік ойыншылар: қақпашы – Дмитрий Тимофеев («Болат»), қорғаушы – Марат Ташенов («Ақтау»), сұрмерген (6 гол) – Жанболат Бектұрсынов («Аэропорт», Атырау), ең пайдалы ойыншы – Исатай Киреев («Санжар»). Турнирдің ең жасы үлкен ойыншысы Нәбижан Қуанышевқа («Харакия», Ақтау) да естелік сыйлық берілді
***
Оралда 1998-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында дзюдодан «Сырым» күрес мектебінің негізін қалаушы Оралбек Қожагелдинді еске алуға арналған республикалық турнир өтті.
Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ден аса жас дзюдошы қатысты. Облыс құрамасының сапында Ермек Амангелді (46 келіге дейін), Армат Есқазиев (60 келіге дейін) және Исатай Абаев (81 келіден жоғары) «күміс» медаль иеленсе, Ақылбек Матаев (42 келіге дейін), Рамазан Ибатолла (46 келіге дейін), Асыланбек Төлеуұлы (50 келіге дейін), Айболат Ыстыбай және Айбек Әбділов (55 келіге дейін), Дарын Даниярұлы (60 келіге дейін), Нұрсұлтан Әбуов (66 келіге дейін) «қола» ұтып, көзге түсті.
***
Мұнай және газ институтының спорт залында зілтемірді жата көтеру және жерден белге дейін көтеруден жарыс өтті.
Турнирге 80-ге жуық спортшы қатысты. Барлық салмақ дәрежесінде де жарыс тартысты өтті, атлеттер жеке жоғары нәтижелер көрсетті. Жеңімпаздар: жасөспірімдер - 75 келіге дейін Владимир Ли, 82 келіге дейін Игорь Хан, ер балалар - Кирилл Литвинов, қыздар - Ольга Литвинова, әйелдер - Кристина Ульянова, жастар - Сергей Длужевский, мүгедектер - Ілияс Телеуғалиев, ерлер - 67,5 келіге дейін Мейірбек Қуанышқалиев, 75 келіге дейін Ілияс Серниязов, 82 келіге дейін Кенжеғали Досқалиев, 90 келіге дейін Досқали Досқалиев, 90 келіден жоғары Дмитрий Ли.
Белге дейін көтеруден абсолюттік салмақта 255 келі нәтижесімен Дмитрий Ли жеңіске жетті.
Спортшылар, төрешілер және жаттықтырушылар турнирді өткізіп, спорт залды бергені үшін Мұнай және газ институтына, сондай-ақ, «Атырау» фитнес-клубына, бодибилдинг және фитнес федерациясына, облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Н.Ермұхановқа және оның орынбасары Г. Қаленоваға алғыс айтады.
***
Қарағандыда Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровті еске алуға арналған еркін күрестен 47-інші халықаралық турнир өтті.
125 келіге дейінгі салмақта Данияр Айсекенов (суретте оң жақта) «алтын» иеленді. Бірнеше жеңісті белдесу өткізген ол финалда Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері шымкенттік Ақбар Елеубаймен кездесті. 4:4 есебімен тең түсіп жатқан белдесу аяғында Данияр әдіс жасап, қарсыласының аяғын көктен келтірді. Осы беделді турнирде жеткен жетістігі үшін оған ҚР спорт шебері атағы берілді.
Палуанды облыстың аға жаттықтырушысы Асылан Жаманбаев жаттықтырады (1-БЖСМ).
***
«Мұнайшы» спорт кешенінде қоян-қолтық ұрыстан ашық қала чемпионаты өтті.
Қоян-қолтық ұрыс түрінде барлық жекпе-жек түрлері әдістері қолданылады, сондықтан да турнирге қатысуға 12 клуб өтінім берді. Жеңімпаздар мыналар: (10-12 жас) 27 келіге дейін - Фархат Ниетов, 30 келіге дейін - Әли Өтегенов, 34 келіге дейін - Жандос Рахымжанов, 38 келіге дейін - Элмат Саматов, 45 келіге дейін - Бейбарыс Мұстажап, 45 келіден жоғары - Нұрхат Асан; (13-15 жас) 42 келіге дейін - Бейбарыс Оразбек, 46 келіге дейін – Бауыржан Бақытов, 50 келіге дейін - Райымбек Тәйтауов, 55 келіге дейін - Тимур Киреев, 60 келіге дейін - Әліби Есімғалиев, 65 келіге дейін - Жақсылық Киреев, 70 келіге дейін - Ильгиз Байтеміров; (16-17 жас) 50 келіге дейін - Серікболсын Асылбеков, 55 келіге дейін - Еламан Төреханов, 60 келіге дейін – Ғариполла Салахиденов, 65 келіге дейін – Ерболат Жайлыбай, 70 келіге дейін - Амандық Асқаров, 75 келіге дейін - Қуандык Жаңбырбаев, 80 келіге дейін - Абылай Тасымов, 85 келіге дейін - Жақсылық Оңғарбаев; (ересектер) 55 келіге дейін - Мұхаммед Оразғалиев, 60 келіге дейін - Есбол Аралов, 65 келіге дейін - Наурызбек Мусин, 70 келіге дейін – Азамат Сәрсенбаев, 75 келіге дейін - Бек Насихатов, 80 келіге дейін - Серікбай Шпанов, 85 келіге дейін - Санат Нағимов, 90 келіге дейін - Қуаныш Шаненов, 90 келіден жоғары - Муса Арыстаналиев. Барлығы да 2015 жылдың ақпанында Астанада өтетін қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатында облыс намысын қорғау құқығына ие болды.
***
Облыстық волейбол федерациясының қолдауымен «Атырау» ДСК-нде волейбол ардагерлері арасында республикалық турнир өтті.
Жарысқа Батыс Қазақстаннан 6 команда қатысты. 1-орынды «Атырау», 2-орынды «Маңғыстау», 3-орынды «Ақтөбе» командалары алды.
Үздік ойыншылар – байланыстырушы Жұмабай Құдайбергенов («Құлсары»), қорғаушы Александр Дайнеко («Атырау-2») және либеро Маркс Хасанов («Атырау-1»).
Суретті түсірген Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
***
Сингапурде өткен шито-рю каратеден Азия чемпионатында «Қайсар» спорт клубы мен 2-БЖСМ шәкірттері сәтті өнер көрсетті.
83 келіден жоғары салмақта АМУ студенті Марат Жаңбыр екі айқасында да айқын басымдықпен жеңіп, «алтыннан» алқа тақты. Мұнай және газ институтының студенті Әсел Серікова күміс медаль иеленді. 84 келіге дейінгі салмақта Тимур Назхаров пен Нұрлан Рысбек «қолаға» қол жеткізді. Спортшыларды жаттықтырушылар А. Рахман, Б. Ізбасқанов және С. Торғаев дайындады. Спортшылар мен жаттықтырушылар жарысқа бару сапарын ұйымдастырғаны үшін облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасына алғыс айтады.
***
Атырауда «Теңізшевройл» компаниясының сыйлығына 4-інші ашық шахмат фестивалі өтті.
Турнирге 76 шахматшы жиналды. Олардың ішіндегі ең жасы үлкені - Жылыой ауданынан келген Сабыр Ғабдулкаримов, ол 79 жаста. Швейцариялық жүйеде 9 тур ойналды. Абсолюттік санатта 2009 жылғы жастар арасындағы Азияның вице-чемпионы Жәнібек Амановқа бәсекелес болмады. Ол мүмкін болар 9 ұпайдың 9-ын жинады. 2-орынды тоғызқұмалақтан бірнеше дүркін ҚР чемпионы Құрманбай Әшетов, 3-орынды қарағандылық Абылай Сұраншиев жеңіп алды.
Ардагерлер арасында 60 жастағы Байлаубай Тұмбаев үздік болса, әйелдер арасында Атырау инженерлік-гуманитарлық институттың (АИГИ) студенті Жұлдыз Елеусін жеңіске жетті. «Үздік спорттық нәтижелері үшін» сыйлығына Қызылқоғадан келген ардагер Амангелді Сақтағанов, АМУ профессоры Сәния Камелова, Ж.Досмұхамедұлы атындағы лицейдің оқушысы Нұрбол Ғалымжанұлы, АИГИ студенті Әсет Төлегенов, СТГ оқушысы Нұрәділ Жамбыл ие болды.
Жарыстың бас төрешісі, облыстық шахмат федерациясының вице-президенті Сабырбай Гайсиннің айтуынша, турнир өте жоғары спорттық деңгейде өткен. Сыйлық қоры да аз болмады – 500 мың теңге.
***
2014 жылғы желтоқсан айында 1-БЖСМ жаттықтырушысы Мейіржан Есмағамбетовтің үш шәкірті халықаралық турнирге қатысып, барлығы да жүлделі оралды.
1997 ж.т. жасөспірімдер арасында дзюдодан Азия чемпионатында Әнел Сүлейменова «қола» жүлде алды. Қазан қаласында өткен 1997 ж.т. жасөспірімдер арасындағы белдесе күресуден әлем чемпионатында Махамбет Халидолла (суретте) (45 келіге дейін) 1-орын алса, Саида Қапсалықова (70 келіден жоғары) «қолаға» қол жеткізді.
Суреттер М. Есмағамбетовтікі
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ