Атырау, 25 қараша 07:49
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алексей Навальный 3,5 жылға шартты сотталды

2 084 просмотра

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный. Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный. Мәскеудің Замоскворецкий соты бүгін "Ив Роше" компаниясындағы қаржылық алаяқтық ісіне қатысты айыпталған оппозиционер Алексей Навальный мен оның інісі Олег Навальныйге үкім шығарды. Алексей Навальный үш жарым жыл мерзімге шартты түрде сотталып, ал Олег Навальный үш жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Үкім оқылған сотқа Навальныйдың жүздеген жақтасы жиналған. Таңертеңнен бері сот ғимараты жанында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Әуелде сот үкімі қаңтардың 15-і оқылады деп белгіленген еді. Бірақ үкім мерзімінің өзгергені кеше ғана белгілі болды.

Айыптау қорытындысы бойынша, ағайынды Навальныйлер "Иве Роше" компаниясынан 30 миллион рубль жымқыру ісіне қатысты болған. Айыптаушы прокурорлар Алексей Навальныйды 10 жыл бас бостандығынан айыруды, ал Олег Навальныйды 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

30 желтоқсан 2014, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.