Атырау, 6 мамыр 08:11
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Аудан жаңалықтары

1 295 просмотра

Ірі қараның азығы

«Бірінші мамыр» ЖШС Махамбет ауданы Бейбарыс ауылынан гидропоника цехын ашты.

Онда топырақсыз, жасанды ортада қоректік заттардың судағы ерітіндісінде көк балауса өсірілмек. Бұл жүйе арқылы бір мезгілде 670 бастан астам сауын сиырды азықпен қамтамасыз етуге болады. Мәселен, құрғақ арпа дақылы бір тәулік бойына суда бұқтырылады, үшінші күні егіледі, алты күннің ішінде егін өнімін жинауға болады.

***

 

Құлсарыдағы «Алтын адам»

Құлсары қаласындағы «Достық» саябағына «Алтын адам» мүсіні қойылды.

«Алтын адам» мүсінін жылыойлық мүсінші Серік МӘТЕНИЯЗОВ жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жасаған. 

***

 

Қоныс тойы алда

Аққыстау және Исатай ауылдарында мамандарға арналған баспаналар құрылысы аяқталды.

Аққыстау ауылында 132 млн теңгеге бір пәтерлік 10 үй, Исатай ауылында 27 млн теңгеге екі пәтерлік бір үй тұрғызылды.

***

 

«Борат» жаңартылды

Индер ауданында екі мәдениет үйі мен бір кітапхана жөндеуден өтті.

Индербор поселкесіндегі «Борат» мәдениет үйін жөндеуге бюджеттен 23 млн теңге, ал, орталықтандырылған кітапхананы жөндеуге 8 млн теңгеге бөлінген болатын. Жөндеу жұмыстарының мердігері  - «Өркен» ЖК.

Ал, Ынтымақ ауылындағы мәдениет үйін 11 млн теңгеге «НұрАС» ЖШС жөнделген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

31 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.