Атырау, 23 қараша 09:08
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жәдігер болған Фемида

2 363 просмотра

Атырау облыстық сотында сот жүйесі тарихы мұражайы ашылды.

Мұражайдың салтаннатты ашылу рәсіміне Фемида ардагерлері қатысты. Мұражай жәдігерлері би төрелігі уақытынан бері біздің дәуірімізге дейін заңдылықтың қалыптасуы туралы сыр шертеді. 

Ең көне жәдігер–Әбілхайыр ханның 1731 жылы Ресей императоры Анна Иоанновнаға жазған хаты.Хаттың махмұны, өкінішке орай, гидтарға белгісіз екен, алайда талай уақыт өтсе де, құжат жақсы сақталыпты. Ескі құжаттар, жарлықтар және қылмыстық істермен қатар мұражайда түрлі кездегі судьялардың киімдері, төс белгілері, мөрлері және басқа атрибуттарына да орын табылыпты.  

…Сарғайған фотосуреттер, сия сауыт, патефон, ескі дискілі телефон, теру машинкасы, тіпті, «қарны қампиған» Samsung маркалы ескі компьютер де қойылыпты. Мұның барлығын кез келген адам көре алады.

Егер біреулер біздің тарихымызға қызығатын болса, есігіміз қашан да ашық, –дейді Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВ.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

30 желтоқсан 2014, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.