Грекия Парламентінің жаңа президентті сайлауға бағытталған үшінші қадамы сәтсіз аяқталды.
Жалғыз үміткер Ставрос Димас жеткілікті дауысқа ие бола алмады. Енді заң бойынша парламент тарқатылып, елде кезектен тыс сайлау өтеді. Саяси шара 25 қаңтарға жоспарланып отыр.
Айта кетейік, парламенттің жаңа президентті сайлай алмауына байланысты Грекия қор индекстері төмендеп кетті. Елдегі компаниялардың құнды қағаздары да 11%-ға түсті.