25 желтоқсанда дәстүрлі, 15-ші «Жылдың үздік кәсіпкерін» марапаттау салтанаты өтті.
Екінші жыл қатарынан салтанатты ұйымдастырушылар Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы болып табылады. Марапаттауға облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ пен қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВ қатысты.
Экономика бүгінде қиын уақытты бастан өткеруде, алайда кәсіпкерлер жабығып отырған жоқ. Болмыстары белсенді, болашаққа үмітпен қарайды, олар қиындықтарды жеңіп шығуға үйренген.
- Бәлкім, бізді қиын уақыт күтіп тұрған шығар, бірақ мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Кәсіпкерлердің көпшілігі биыл мемлекеттік «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын қолдана алды, - деді облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының төрағасы Әлия БЕКҚОЖИЕВА. – Облыс әкімінің арқасында бүгінде ерекше көңіл бөлініп отырған ауыл шаруашылығы бизнесін атап өткім келеді.
Кеш басында «Аналар үйі» әлеуметтік жобасына қолдау көрсеткен кәсіпорын басшыларына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ол 2014 жылдың көктемінде ашылып, толықтай жергілікті бизнес бөліп отырған қаржымен өмір сүруде. Мерекеге өз құттықтаулары мен тіпті, музыкалық сәлемдемелерімен де келген ауылдағы кәсіпкерлік өкілдері де алғыс хаттар алды. Үлкен «Первомайский» шаруашылығының басшысы Аманжол ЕСҚАРАЕВҚА «Ұлт даңқы» ордені табыс етілді. Онымен экономика, әлеуметтік салада ерекше табысқа жеткен Қазақстан азаматтары марапатталады.
Содан соң номинациялар бойынша үздіктерге марапат табыс етілді.
«Село бизнесі»номинациясы бойынша үздік болып Жылыой ауданындағы танымал бизнесмендер династиясының өкілі болып табылатын Әлімжан БАЛЖІГИТОВ танылды. Олардың «Атырау сауда» кәсіпорны 1997 жылы ашылды. ЖШС-нің қызмет саласы алуан түрлі: сауда, қоғамдық тамақтану, ал 2012 жылдан бастап құс фабрикасы да қосылды. «Атырау сауда» ЖШС-де 200-ден астам адам еңбек етеді.
Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Абай ЖҰМАҒҰЛОВ 2014 жылы қол қойылған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігі арасындағы меморандумның арқасында кәсіпкерлер бизнес қоғамдастықтың мүдделерін қорғай алатын көптеген консультативтік-кеңес органдарының құрамына кіруге мүмкіндік алды.
Өз ісін жүргізудің артықшылығын түсінген жастар да бизнеске ынталануда. Қарапайым тәжірибесіне қарамастан істерін жаңа бастаған бизнесмендер табысқа жетуде. Олардың бірі «Жас кәсіпкер 2014» номинациясында марапат алған Николай ЛИ. 2014 жылдың мамырында ашылған оның көлік жуу орны тез арада тұрақты клиенттерге ие болған.
«Ірі бизнестің үздік субъектісі» болып Ермек ДҮЙСЕНБИНОВ басшылық ететін, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыспен айналысатын «ISKER Group» ЖШС танылды. Компания халыақаралық ИСО стандарты бойынша жұмыс жасайды, Аджип пен ТШО-ның негізгі мердігері болып табылады. Бүгінде кәсіпорында 1500-ден астам адам жұмыс жасайды. Олар «Төрт батыр», «Жеті қазына» секілді нысандарды салған. Сонымен қатар ірі экологиялық жобаны жүзеге асырды – 2011 жылы Жайық өзенінің түбінен суған кеткен жеті кемені су бетіне шығарды.
«Намс Монтаж Құрылыс» ЖШСда құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысады. Бизнес-рейтингтің нәтижелері бойынша кәсіпорын еліміздегі құрылыс компанияларының жүздігіне кірді. ЖШС бизнестің басқа да түрлерімен: нан-бөлке өнімдерін шығарумен, азық-түліктер сатумен, жабдықтарды жалға берумен айналысады, өзінің шаруа қожалығы бар. Осының арқасында ЖШС басшысы Нұрғиса ҚАБЫЛОВ «Қызмет саласының үздігі» номинациясында марапат алды.
Инжинирингтік «Жахан Атырау» ЖШС компаниясы жылыту, сумен қамту, кәріздік, жүйесін жеткізу, монтаждау, іске қосу және сервистік қызмет көрсетумен, сорғы жабдығы, блокты-модульды қазандық шығарумен айналысады. Тату әрі құрамы жас ұжымға ЖШС бас директоры Еркін ҚҰРМАНОВ басшылық етеді. Компания қызмет еткен уақыт ішінде 7000-нан астам жылу қазандығы, 15 000-? сорғы стансасы, 45 генератор орнатылды. Бұл көрсеткіштер «Сауда саласының үздігі» атағын беруге себеп болды.
«Үздік кәсіпкер әйел»атағын "Беатрис" сұлулық салонының басшысы Анна БЕЛКИНА алды. Істің негізін салушы Валерия Николаевна Андрианова болып табылады. Ол 1999 жылы шаштараз ашып, сол сәтте атыраулық әйелдердің ықыласына бөленді. Бүгінде отбасылық істі оның қызы Анна жалғастыруда. Осы уақыт ішінде компания кішкентай салоннан алаңы 500 шаршы метр болатын Сұлулық орталығына дейінгі жолды жүріп өтті. Оның үстіне мамандар дайындайтын оқу орталығы, кәсіби косметика дүкені бар.
«Кәсіпкер - 2014»бас марапатын өңіріміздегі құрылыс бизнесінің алғашқы ізашарларының бірі «БатысАльянсСтрой» ЖШС басшысы Әділ ЖҰБАНОВ алды. Алғашқы нысандарды Әділ Жұбанов сонау 90-шы жылдары салған. Бүгінде «БатысАльянсСтрой» ЖШС нысандары – балабақшалар, мектептер, облыстық балалар ауруханасы, «Нұр Отан» партиясының ғимараты, Салтанат сарайы, тұрғын үйлер – бұл толықтай тізімі емес. Үй құрылысы комбинаты – қуыс жабын тақталар мен темір-бетон бұйымдарын шығару кешені іске қосылды. Өнім италяндық жабдықта шығарылуда. Дәл сол күні, 25 желтоқсанда үздік сапалы мобильді темір-бетон үйлерді салуға мүмкіндік беретін үй құрылыс комбинатының екінші кезегі тапсырылды. Қуанышқа сәйкес, жеңімпаз марапаттау күнінде өз туған күнін тойлады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА