Атырау халықаралық әуежайының сыртқы периметрі бойынша бейнебақылау камералары жұмыс жасамайды. Қалай дегенмен де, үстіміздегі жылдың 12 желтоқсанында осынау стратегиялық нысанда олар жұмыс жасамай тұрды. Біз неліктен екенін анықтауға тырыстық.
Әуежайдың сыртқы камералары жұмыс жасамай тұрғаны туралы бізге қала тұрғыны Елена хабарлады. Оның айтуынша, 12 желтоқсанда ол Атырауға Алматыдан таңғы сағат 6.00-де ұшып келген. Аэровокзал ғимаратында арбаға лентасымен тиелген оның жүгі жоғалып кетіпті. Сол жерде әуежайға желілік полиция бөлімшесінің қызметкеріне жүгінген. Оның айтуынша, ол әуежай ішіндегі бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы оның жүгін алып кеткен ер адамға бақылау жасай алар еді. Алайда әрі қарай полицейдің тексеру ісі тұйыққа тірелді, өйткені әуежай ғимаратының периметрі бойынша орналасқан сыртқы камералардың жұмыс жасамайтындығы анықталды. Қылмыскердің ғимараттан шыққан соң қай жаққа кеткені белгісіз болып қалды.
Біз «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ басқармасының төрағасы Есбол КЕРЕЙДІҢ атына сауал жолдадық. Жауаптан анық болғандай, сыртқы бейнебақылау камералары Атырау облыстық ІІД жедел басқару орталығына (ЖБО) жатады екен:
«“Атырау халықаралық әуежайы” АҚ аумағында бейнебақылау камералары 2 айға дейін еске сақтау қызметімен толықтай жұмыс істейтінін, соның ішінде терминалға кіру және шығу бағытындағы камералар бар екенін хабарлайды.
Вокзал маңындағы алаң қала аумағына жатады, тиісінше, Атырау облыстық ІІД ЖБО-ның бейнекамераларымен бақыланады.
Біз Еленаның (фамилиясы, байланыс телефоны, шағымның тіркелген нөмірі көрсетілмеген) 2014 жылы 12 желтоқсанда таңертең әуежайдың желілік полиция бөлімінің қызметкері Харисов Р-ға жүгінің жоғалғаны туралы ауызша шағымданғанын анықтадық. Оның айтуынша, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, ол әуежайдың вокзал маңында орнатылған ІІД ЖБО бейнекамералары жұмыс істемей тұрғанын хабарлаған.
Вокзал маңы алаңы Атырау қаласының аумағына жататындықтан Харисов Р. Еленаға қалалық ІІБ-не шағымдануға кеңес береді, Елена солай еткен.
Тапсырғанға дейін және алған уақыттан бастап жүктің сақталуын оның қожайыны қамтамасыз етеді, бұл көпшілік мақұлдаған тәжірибе болып табылады».
Әрі қарай комментарий алу үшін біз Атырау қалалық ІІБ бастығы Хамза ҮМБЕТҚАЛИЕВҚА хабарластық. Ол шұғыл арада ІІД ЖБО бастығы Нұрлыбек ХАСАНҒА ахуалды анықтауды тапсыруға уәде берді. Кейінірек Н.Хасан былай деп хабарлады:
- Біз бар болғаны бейнебақылау камераларын қолданушылар ғанамыз, ал оны жөндеумен ІІД техникалық байланыс басқармасы айналысады.
Өз кезегінде ІІД техникалық байланыс басқармасының бастығы Данил МАКАТУХА комментарий беруден бас тартып:
- Олар қандай да болмасын комментарий беруге өкілетті ресми тұлғалар болып табылады, - деп, ІІД бастығына немесе оның бірінші орынбасарына хабарласуға кеңес берді:
Сәуле ТАСБОЛАТОВА