29 желтоқсанға қараған түнде Атырау қаласында жалған ақша жасады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды.
Күдіктіні ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы, криминалдық полиция және Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің біріккен күштері ұстады. Ол 26 жаста, фирмалардың бірінде курьер болып жұмыс жасайды. Оның пәтерінен 2 мың теңгелік номиналды 238 мың теңге жалған ақша, компьютер және түрлі-түсті принтер табылып, тәркіленді. ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, ҚР ҚК-ның 206-бабы («Жалған ақша жасау») бойынша қылмыстық іс көтеру және ұсталған адамға бұлтартпау шарасын белгілеу жөнінде мәселелер шешіліп жатыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ