Көп жылдардан бергі қалыптасқан дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында, 30 - 31 желтоқсанда, сондай-ақ 3 және 4 қаңтарда «Мұнайшы» стадионының алдында азық-түлік жәрмеңкесі өтеді.
Қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қадырғали ТҰРҒАНОВТЫҢ айтуынша, жыл басынан бері Атырауда барлығы 130 жәрмеңке өткізіліп, онда облыстың 15 шаруа қожалықтарының, көтерме сауда орындары мен Астрахан және Самара өндірушілерінің өнімдері өткізілді. Қ. Тұрғанов соңғы кезде азық-түлік бағасы өскен жоқ деп сендірді. Керісінше, сиыр, қой еті, сондай-ақ сәбіз, макарон, жұмыртқа бағалары түскен.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА