Атырау, 28 қараша 00:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

30 мектептің қатарына екеуі ілікті

5 614 просмотра

Келесі жылдан бастап еліміздегі 30 мектеп сынақ жобасы ретінде 12 жылдық білім алуға көшеді. Атырау облысында сынақ үшін 2015-16 оқу жылы облыс орталығындағы №17 мектеп пен Исатай ауданы Тұщықұдық селосындағы Ж.Мырзағалиев атындағы мектеп таңдалды.

№17 мектеп-лицейдің бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Елена ГЕЦТІҢ айтуынша, мұғалімдер Астанада біліктіліктерін көтеру курстарынан өтеді. Мектеп үш сатыдан тұрады деп жобаланып отыр. 1-ші саты – жалпы бастауыш білім (1-5 сыныптар), оқу 6 жастан басталады; 2-ші саты – негізгі орта білім (6-10 сыныптар); 3-ші саты – жалпы орта білім (11-12 сыныптар).

Осы 30 мектептің  мектеп бағдарламасына жаңа пәндер енгізілген: 1-сынып үшін «Ақпараттық-коммуникативтік технология» (сандық құрылғылармен жұмыс жасауға, алгоритмдер құруға әзірлік және т.б.), 5-ші сынып үшін «Ғылымға кіріспе», 7-сынып үшін «Жобалық қызмет» - 7-сынып үшін.

- Бұл оқушылардың тек бір жылға ұзақ оқуы емес. Оқу сапасы жақсарып, алынған білімдері өмірде кеңінен қолданылады деп жобаланып отыр, -дейді Е. Гец.

Облыстық білім беру басқармасының жалпы және орта білім беру бөлімінің басшысы Бәтима БАХТИЯРОВАНЫҢ айтуынша, тәжірибе жасау үшін таңдалған мектептер қосымша жабдықтармен жабдықталмақ.

- Сынақ жобасы аяқталғаннан кейін бір жылдан соң еліміздегі тағы біраз мектептер 12 жылдық оқуға көшеді, яғни, кезеңмен көшіріледі, - дейді Б.Бахтиярова.

Қазақстан 2020 жылға қарай 12 жылдық білім алуға толықтай көшуді жоспарлап отыр.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

29 желтоқсан 2014, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.