Атырау, 25 қараша 07:59
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Киевте түркітілдес мемлекеттердің өңірлік диаспора орталығы ашылды

1 346 просмотра

Фото: trend.azФото: trend.azАлматы. 29 желтоқсан. ҚазТАГ – Киевте түркітілдес мемлекеттердің алғашқы өңірлік диаспора орталығы ашылды, деп хабарлайды Trend.

«Украина астанасы Киевте жақында Украина әзірбайжандарының Біріккен диаспора орталығы кеңсесінің және түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесіне кіретін елдердің алғашқы өңірлік диаспора орталығының ашылуы өтті», - делінген жариялымда.

Мемкомитеттің диаспорамен жұмыс жөніндегі төрағасы Нәзима Ибрагимованың айтуынша, болашақта ондай орталықтарды АҚШ, Германия және Францияда ашу жоспарлануда.

Құрылған өңірлік диаспора орталығы түркітілдес мемлекеттердің халықаралық позициясын нығайту, әлемде түркітілдес мемлекеттер мен халықтардың құндылықтары мен мәдениетін таныту, түркі әлеміне қарсы жүргізілетін насихаттау жорықтарын бұлтартпау, түркі халықтары кезігіп отырған проблемаларды халықаралық қауымдастыққа дейін жеткізу бойынша маңызды қадамдар қабылдауға ниетті.

Н. Ибрагимованың айтуынша, бұл орталықтар түркі диаспорлары арасындағы үйлестіруді қамтамасыз етіп, қойылған мақсаттарға жетуге өз үлесін қосады. 

Дереккөз: ҚазТАГ

29 желтоқсан 2014, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.