Атырау, 25 қараша 07:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алжир ОПЕК-ті мұнай өндірісін қысқартуға шақырды

2 766 просмотра

Алматы. 29 желтоқсан. ҚазТАГ – Алжир ОПЕК-ті мұнай өндірісін қысқартуға шақырды. Алжирдің энергетика министрі Юсефа Юсфидің пікірінше, ол мұнай бағасын көтеруге керек шара, деп хабарлайды rbc.ru.

Министрдің айтуынша, Алжир картель құрамындағы ірі мұнай өндірушілердің нарық бағаны өзі реттесін деген көзқарасын қолдамайды.

«Біз, ОПЕК өз мүшелерінің мүдделерін қолап, мұнай бағасы көтерілуі үшін, оның өндірісін қысқартуы керек деп есептейміз», - деп мәлімдеді Юсфи.

Алжирден басқа, мұнай бағасының күрт арзандауы фонында мұнай өндірісін азайту керек деп есептейтіндер қатарында ОПЕК-тің Венесуэла мен Иран сынды мүшелері бар. Бірақ ОПЕК-тің аса ірі өндірушісі Сауд Арабиясы оған үзілді-кесілді қарсы болып отыр. 

Дереккөз: ҚазТАГ

29 желтоқсан 2014, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.