Атырау, 4 қазан 06:31
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Мал базары жанындағы көлік апаты бойынша сот басталды

2 746 просмотра

26 желтоқсанда №2 қалалық сотта судья Дәуренбек ДАУМОВТЫҢ төрағалығымен 4 қазан күні ертемен Астрахан тас жолындағы мал базарының жанында 2 адамның өмірін қиған көлік апатына қатысты қылмыстық істі қарау басталды Құрбан айтта ажал құшты»).  

Айыптау орындығында – мал сатушы, бортты УАЗ-дың жүргізушісі Ғалымжан АХМЕДИЕВ отыр. Жол апатына қатысушы екінші тұлға, облыстық прокуратураның «Тойота Авенсис» қызмет көлігінің бұрынғы жүргізушісі, қазіргі жұмыссыз Меллят АЯПОВ, іске куәгер ретінде қатысады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-тармағы («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы») бойынша қозғалды.

Сотталушыға осы бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Сотталушының адвокаты Төлеген ЖЕТПІСБАЕВ процесс басталғанда қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу туралы, автотехникалық және трассологиялық сараптама жүргізу туралы, қылмыстық жауапкершілікке жол-көлік оқиғасына қатысушы - екінші жүргізушіні тарту туралы үш өтініш берген еді.

Қылмыстық істе «Тойота-Авансис» көлігімен соқтығысқаннан кейін ғана екі мал сатушыны қағып кеткені көрсетілген. Неліктен Аяповты қылмыстық жауапкершілікке тартпай отыр? – деді адвокат журналистерге отырыс аяқталғаннан кейін.

Марқұм болған Құралбай Базарбаев пен Амантай Аштахаевтың туыстары да Аяповты қылмыстық жауапкершілікке тарту қажеттілігі туралы мәлімдеді.

Сотта сөз алған Аяпов туберкулезге қарсы күрес ауруханасы жақтан сағатына 115 шақырым жылдамдықпен келе жатқанын, жолына көлденең тұрып алған Ахмедиевтің УАЗ-ын көрген кезде тежегішін басып үлгермегенін айтты. Аяпов Ахмедиевті кінәлі деп санайды. Оның нұсқасы бойынша, Ахмедиевтің жүк көлігі бастапқыда басқа көліктермен бірге мал базарының қақпасының алдында бір қатарда тұрған. Содан соң ол кенеттен жол бойына шығып, бұрыла бастаған.

Куәгер Батихан САЛИМОВТЫҢ айтуынша, Ахмедиев базарға қой сататын орын қалмаған қалған кезде келіпті. Ол өзінің УАЗ-ын қарсы беттегі жол жиегіне тоқтатқан. Батихан мен Құралбай Базарбаев әріптестеріне орын тауып беріп, оны қолдарын бұлғап шақыра бастаған. Ахмедиев көлігін бұра бастағанда, қас қағым сәтте соқтығыс орын алған. Құралбай сол сәтте көз жұмған. Амантай Аштахаев бірнеше күн өткеннен кейін облыстық аурханада көз жұмған.

Сотта Аяпов көлік оқиғасы орын алғаннан кейін екі айдан соң мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен үш жылға жүргізушілік куәлігінен айырылғанын айтты. Не себепті екенін атамады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

26 желтоқсан 2014, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.