Атырау, 25 қараша 07:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ким Чен Ынға «шабуыл жасаған» фильмді бір тәулікте 900 мың пайдаланушы жүктеп алған

1 468 просмотра

«Интервью» фильмінің көшірмесін бір тәулікте 900 мыңнан аса Интернет пайдаланушы көшіріп алған, деп хабарлайды Variety басылымы.

 «Интервью» фильмі YouTube Movies, Google Play, Xbox Video мен кинолентаның ресми сайтында жарияланғаннан кейін оның жоғары сапалы пираттық көшірмесін әлемнің түкпір-түкпіріндегі торрент-пайдаланушылар жүктеп алған. Олардың 28 пайызы АҚШ-қа тиесілі.

Бейсенбі, 25 желтоқсанда, Мәскеудегі КХДР елшілігі фильмді Ресейде көрсетпеуге кеңес берді. Солтүстік Корея билігі Ким Чен Ынға шабуыл жасалатын америкалық кинолента «лаңкестікті ақтап, құптайтын қауіпті киноөнім» болып табылады деген пікірде.

Картинада басты рөлдерді Джеймс Франко («Өрмекші адам», «Харви Милк») мен Сет Роген («Жасыл Шершень») сомдайды.

«Интервью» комедиясының сюжеті Ким Чен Ыннан сұхбат алу мүмкіндігіне ие болған қос журналистің бастан кешкен оқиғаларына негізделген. Солтүстік Кореяға жол жүрмес бұрын олар құпия қызметтің қатарына кіріп, оларға КХДР басшысын өлтіру тапсырмасы беріледі.

Азиялық мемлекеттің билігі фильмнің мазмұнын сынап, ол АҚШ үкіметі мен америкалық қоғамның қаншалықты қажып кеткенін көрсетеді деген баға беріпті. АҚШ киносыншыларының өзі де тым жеңілтек фильмнің сюжетіне теріс рицензия білдірген екен.

Картина бұған дейін айналасында туындаған халықаралық дауға байланысты кеңауқымды прокаттан кері қайтарылған болатын. Sony Pictures Entertainment хакерлердің қатаң ескертуінен кейін 25 желтоқсанға белгіленген тұсаукесерінен де бас тартуға мәжбүр болды. Өздерін «Әлем сақшылары» тобына жатқызатын хакерлер компанияның компьютерлік желісін бұзып кіріп, «Интервью» кинолентасын көрсететін АҚШ кинотеатрларына «2001 жылдың 11 қарашасындағыдай» лаңкестік шабуыл жасалады деген ескерту жасаған. Алайда ол әрекеттерін қалай жүзеге асыратындарын хакерлер нақтыламапты.

Дереккөз: bnews.kz

26 желтоқсан 2014, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.