2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 пайызға, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 7 пайызға өсті.
Бізге облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті басшысының орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВА хабарлағандай, Атырау облысында республикалық бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы алатын 170 709 адам бар, оның 48 142-сі – зейнеткерлер. Зейнетақы мен жәрдемақыларды қайта есептеу 2014 жылдың желтоқсанында жүргізілді. Алушыларға ешқандай қосымша құжаттар әкелудің қажеті жоқ.
Қайта есептегеннен кейін базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 11 182 теңгені, төменгі зейнетақы – 23 692 теңгені құрады. Айта кетелік, 2015 жылдан бастап 1 АЕК 1982 теңгеге, төменгі еңбекақы төлемі – 21 364 теңгеге, зейнетақыны қайта есептеу кезінде есептелген жоғарғы табыс – 81 262 теңгеге тең.
Зульфия ИСКАЛИЕВА