Атырау, 28 қараша 00:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ветеринарлар сайланып алды

2 584 просмотра

23 желтоқсанда «АтырауАгроСервис» ЖШС базасында облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ аудандық ветеринария бөлімдерінің басшыларына «Газель» базасындағы 14 жаңа мал тасу көлігінің кілтін табыстады.

- Эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығы бойынша Атырау облысы республикадағы бірінші орындардың бірінде тұр, - дейді облыстық ветеринария басқармасының бастығы Нұролла САТЕНОВ. Малға диагностика жасау және вакцина салу жұмыстары биылғы жылы 100 пайызға орындалды. 2015 жылы облыс бюджетіне Қызылқоға ауданындағы бруцеллез ошағын жою үшін 10 млн теңге салынды. Ауданға 10 автокөлікпен 30 ветеринар іссапарға шығады, диагностикаға қосымша құралдар сатып алуға ақша бөлінді. Республикалық бюджет қаржысына сатып алынған жүк көліктері ауру малды мал соятын орынға тасымалдауға арналған.

Ветеринария басқармасының мәліметтері бойынша, 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін иммуноферментті талдау көмегімен анықталған бруцеллезбен ауырған мал саны облыста 4 есеге азайған. Сатып алынған мал таситын көлік ауру малдарды қабылдау алдында және оларды мал соятын орынға тапсырғаннан кейін шанақты өңдеу үшін портативті дезинфекциялық құрылғыларымен жарақталған. Облыстың әр ауданы осындай екі машинадан алады.

Өткен жылы аудандық ветеринария бөлімдері үшін ауылдағы ветеринарлардың жұмысына арналған құрал-саймандар мен тоңазытқыш жабдығы бар 79 жеңіл машина, өлген малдардың етіне арналған крематор және Комаровтың көшпелі дезинфекциялық қондырғысы сатып алынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

26 желтоқсан 2014, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.