Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Киевтің НАТО-ға кіру ұмтылысы "Еуропаға қауіп төндіреді". Телеарнадан сөйлеген сөзінде Лавров "Украинаның НАТО құрамына кіру ұмтылысы украин халқына ғана емес, Еуропаның қауіпсіздігіне қатер төндіреді, себебі украиндықтардың өзінде бұл мәселеге қатысты пікір әртүрлі" деген Лавров.
Министрдің сөзінше, батыс елдері Киевтің НАТО-ға кіру ниетін Ресей мен Украина арасындағы қарсылықты күшейту үшін пайдаланады.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Александр Лукашевич Солтүстік атлантикалық альянстың Еуропаның шығысына қарай кеңеюі Ресейді "тиісті жауап шараларын жасауға" мәжбүрлейтінін мәлімдеген.
Желтоқсанның 23-інде Украина парламенті - Жоғарғы Рада елдің ешқандай әскери-саяси блокқа қосылмайтын бейтараптық статусын жойып, НАТО-ға кіруіне мүмкіндік тудыратын заң жобасын мақұлдаған. Ресей Киевтің бұл қадамын "достық әрекет емес" деп бағалаған.
Дереккөз: Азаттық радиосы