Атырау, 25 қараша 07:59
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Путин: Министрлер Жаңа жыл демалысына шықпайды

1 779 просмотра

Ресей президенті Владимир Путин елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты үкімет мүшелерін Жаңа жыл мерекесіне берілетін демалыстан айырды.

Телеарналар  көрсеткен үкімет жиынында Путин "министрлердің Жаңа жыл мерекесінде демалысқа кете алмайтынын" мәлімдеді. Ресейде қаңтардың 1-і мен 12-сі арылығы ресми түрде демалыс деп жарияланған. Путин "Бірақ биыл үкімет мүшелері үшін мұндай ұзақ мерекелік демалыс жариялай алмаймыз. Менің нені меңзеп тұрғанымды өздеріңіз білесіздер" деген.

Биыл әлемде мұнай бағасы арзандап, Украина дағдарысына қатысты Ресейге санкциялар салынуынан рубль бағамы күрт құлдырап, ол Ресей экономикасына ауыр тие бастады. Бірер күн бұрын премьер-миинстр Дмитрий Медведев "экономикалық құлдырау қаупі төніп тұр" деп ескерткен.

Дереккөз: azattyq.org

26 желтоқсан 2014, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.