Украина парламентінің маңындағы наразылық шарасына мыңнан астам адам жиналды. Шараға қосымша ақша беруді тоқтатпауды және жергілікті бюджеттен білім беруді қаржыландыруды шектемеуді талап еткен білім беру жүйесінің өкілдері қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.
Наразылық акциясына қатысушылар "Педагогика ғылымын жоймаңыздар", "Ғалымдардың жалақысын алмаңыздар", "Педагогика ғылымдарының академиясы болмаса болашақтың мектептері де болмайды", "Ғылым мемлекеттің әлеуеті болсын" деген плакаттар ұстап, түрлі ұран сөздерді айтып жатыр. Шерушілердің пікірінше, Украинаның тәуелсіздік жылдары бойында ғылымды дәл осылай аз қаржыландыру болған емес.
Сонымен қатар, тағы бір наразылық шарасы Жоғарғы Раданың "Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс кеңесі туралы" заңын қабылдауына байланысты өтті. Қолдаған депутаттар саны - 253. Бұл заң жобасында Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс кеңесі құзырын Украинаның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін дағдарыс жағдайларын шеше алатындай деңгейге дейін кеңейтуді жүзеге асыру қарастырылған, сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерінде атқарушы билік органдарының ісін бақылау мен үйлестіруге мүмкіндік беру де ұсынылған. Дауыс беру қорытындысына көңілі толмаған депутаттар Жоғарғы Рада мінберін қоршап алды.
Еске сала кетейік, Украинаның қаржы министрлігі 2015 жылғы мемлекеттік бюджеттің дайындығы аясында заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстарды дайындаған болатын. Онда Конституция нормасынан білім беру және денсаулық сақтау салаларын қаржыландыру қайнаркөзін кеңейту мақсатында тегін білім беру және медициналық қызметтерді алып тастау ұсынылған. Білім беру мекемелерінде шәкіртақы төлемдерін алып тастау туралы ұсыныстар бар. Осы себепті білім беру саласындағы жұмысшылары наразылық шарасына шықты.
Дереккөз: tengrinews.kz